Алақай, жазғы демалыс басталды! 🥳 Балақайлар, сіздерді ұмытылмас әсерлер мен жаңа достар күтуде! «№24 мектеп-гимназиясында» «Қуырмаш» жазғы алаңы өз есігін айқара ашады. 🎨 Біздің алаңда: 🔹 Шығармашылық даму 🔹 Қызықты ойындар мен жарыстар 🔹 Білім мен достық мекені 🏃‍♂️ Балалардың бос уақытын тиімді әрі көңілді өткізуге асығыңыздар!

Бастауыш мектептің сыңғырлаған соңғы қоңырауы соғылды! 🕊️✏️ Әріп танып, есеп шығаруды үйренген ең алғашқы белес артта қалды. Енді олар жоғары сынып оқушылары атанбақ. Балаларымыздың білімге деген құштарлығы ешқашан сөнбесін. Еңбектерің жанып, биік шыңдардан көріне беріңдер, алтын балалар! 🎓💪

Мектебімізде «Заң мен тәртіп» бағдарламасы аясында бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіп мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіз орта құру мәселелері талқыланды.