Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз мәңгі болсын! ✨ Бірлігіміз жарасқан – Қазақстан! 11.05.2026Мектепте өткен іс-шара
Бірлік – біздің басты байлығымыз, Татулық – елдігіміздің тірегі. Көпұлтты елімізде достық пен сыйластықтың туы әрдайым биік болсын! Әр шаңырақта береке, әр жүректе мейірім, әр елде тыныштық орнасын. Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз мәңгі болсын! 11.05.2026Мектепте өткен іс-шара
29. 04. күні Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің 24 мектеп-гимназиясы” КММ 4 сынып оқушылары арасында «Үздік жас оқырман» өңірлік байқауы аясында «Ботақан» кітабы мазмұны бойынша қорытынды кезең болды. Бұл сайыс Қостанай облысы Білім басқармасының қолдауымен Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай обысындағы филалы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының «Үздік жас оқырман» атты өңірлік байқауы негізінде өткізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін мектепішілік 2 кезең өткізілді: • 1 – кезең: «Ботақан» кітабы мазмұны бойынша сұрақ – жауап керуені». • 2 – кезең: 6.02. күні 4 сынып оқушыларынан «Ботақан» кітабы мазмұны бойынша тест жұмысы алынды. Іріктеуден қорытынды кезеңге 10 қатысушы жетті. Іс – шараға өз әділ бағасын берген: • Каримова С.Е. – ұстаздық жұмыстың ардагері, «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері; • Сүйінкина Б.Б. – ҚР Білім беру саласының үздігі, ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері; • Қанғожин Аслан Жақсылықұлы – «Қостанай таңы» қоғамдық – саяси газеті бас редакторының орынбасары. • Абылай Маудан – қазақстандық ақын, драматург, сатирашы және аудармашы. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Қорытынды бойынша: Балғабай Айзия – І – орын; Досанова Жасмин – ІІ – орын; Еркін Кәусар – ІІІ – орын. Марапаттауға Ақылбек Шаяхметов, Заңғар Санай, Әбутәліп Әмір қатысты. Қатысушыларға «Қоңырау» кітабын табыстап, мадақтамалар мен сертификаттар тарту етті. Заңғар Санай және Әбутәліп Әмір қарауымен 1,2,3 орын жеңімпаздарына 50 000, 30 000, 20 000 теңге ақшалай сертификаттар табысталды. Барлық қатысушылар мен қолдаушыларға алғысымызды білдіреміз. Оқушыларымыздың жеңістері көп болсын! 11.05.2026Мектеп кітапханасы
Бүгін 29.04.2026 ж. «Үздік жас оқырман» өңірлік байқауы аясында «Ботақан» кітабы бойынша мектепішілік қорытынды сайысы өтті. Қостанай облысы Білім басқармасының қолдауымен Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай обысындағы филалы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының «Үздік жас оқырман» атты өңірлік байқауының мектепішілік кезеңінің салтанатты марапаттау рәсімін өткізілді. Бүгінгі іс-шараның қорытындысы: 4 сынып оқушылары арасында 1 орынға ие болған 4 А сынып оқушысы Балғабай Айзия 50 мың теңге, 2 орын 4 А сынып оқушысы Досанова Жасмин 30 мың теңге және 3 орын 4 Б сынып оқушысы Еркін Кәусар иеленіп 20 мың теңге ұтты. Құттықтаймыз! 11.05.2026Мектеп кітапханасы
1 мамыр Бірлік күніне орай 1 “Б” сыныбында “Бірлігіміз жарасқан!” тақырыбында сынып сағаты өтті.Оқушылар бірлік,достық және әртүрлі ұлттардың дәстүрлері туралы мәліметтермен танысты. 11.05.2026Мектепте өткен іс-шара
Бүгін 1 «В» сыныбында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ерекше сынып сағаты өтті 🇰🇿✨ 11.05.2026Оқу әрекеттері
1 мамыр – бірлік күніне орай 1 “А” сыныбында «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылар достық, татулық туралы ой бөлісіп, тақырыпқа байланысты бейнеролик тамашалады. Шара барысында бірлік пен ынтымақтың маңызы түсіндіріліп, оқушылардың қызығушылығы артты. 11.05.2026Мектепте өткен іс-шара, Оқу әрекеттері
🌿 «Таным» апталығы аясындағы ерекше кездесу Біздің білім алушылар үшін «Таным» апталығы аясында Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы мамандарымен тағылымды кездесу өтті. 11.05.2026Мектепте өткен іс-шара, Оқу әрекеттері
“Күретамыр” жобасы аясында бастауыш сынып мұғалімі Ақмарал Шалдыбаевна 4-сынып қыздарына арналған “Сырлы бұйым – сұлу қыз” атты шеберлік сағатын өткізді. 11.05.2026ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ
Мектебімізде 2-сыныптар арасында Зейнеп Ахметованың “Күретамыр” кітабы негізінде “Отбасымдағы бір дәстүр” атты әсерлі кездесу өтті. 11.05.2026ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ