1 “А” сынып оқушылары «Әке – отбасы тірегі» тақырыбында мерекелік ертеңгілік өткізді. Іс-шара барысында оқушылар әкелеріне арналған өлеңдерін айтып, ән шырқап, өз өнерлерін көрсетті. Балалар әкеге деген құрмет пен сүйіспеншіліктерін білдіріп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ертеңгілік әсерлі сәттерге толы болып, ата-аналар тарапынан жылы лебіздер айтылды. 11.05.2026Мектепте өткен іс-шара
2 “А” сыныбында Отан қорғаушылар күніне арналған «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты тәрбиелік іс-шара өтті 🇰🇿 Іс-шара әкелерге арналып, оқушылар патриоттық рухтарын көрсетіп, елге деген сүйіспеншіліктерін жыр-шумақтар мен көріністер арқылы жеткізді. Әкелерге құрмет көрсетіліп, батырлық пен ерліктің маңызы дәріптелді. 11.05.202611.05.2026Мектепте өткен іс-шара
1”Ә” сыныбында Отан қорғаушылар күніне арналған “Әке — отбасының тірегі” атты тәрбиелік іс-шара өтті.Мерекелік кеште оқушылар әкелеріне арнап тақпақ айтып, ән шырқап, би билеп жүрекжарды тілектерін жеткізді. Осындай әсерлі сәттер бала мен ата-ана арасындағы байланысты нығайтып, отбасылық құндылықтардың маңызын арттыра түсті.Барша әкелерді мерекемен құттықтаймыз! 11.05.2026Мектепте өткен іс-шара
«Сап түзе!» – патриоттық рухтың көрінісі №24 мектеп – гимназиясында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай 3–4 сынып оқушылары арасында мектепішілік «Сап түзе!» саппен жүру сайысы жоғары деңгейде өткізілді. Сайысқа әділ бағасын беру үшін @qidqostanaioblysy Қостанай облысының Қорғаныс департаментімен серіктестік жасадық. 11.05.2026Мектепте өткен іс-шара
Бүгін 24 мектеп-гимназиясының 1 «В» сыныбында «Әке – отбасы тірегі» атты тәрбиелік мәні зор ертеңгілік өтті. 👨👧👦 11.05.2026Мектепте өткен іс-шара
30.04. күні 24 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушылары үшін ерекше әрі танымдық күн болды. Олар Қостанай облысы Павлов атындағы селосы соғыс ардагері Иван Павловтың музейіне саяхат жасап қайтты. 11.05.2026ОҚУШЫЛАР үшін
1 мамыр – Бірлік күні құтты болсын! 🇰🇿 Бұл күн – татулық пен достықтың, сыйластық пен бірліктің символы. Әр ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан елімізде бейбітшілік пен келісім әрдайым үстем болсын! Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз арта берсін! Әр шаңыраққа амандық, қуаныш және береке тілеймін! ✨ 11.05.2026Мектепте өткен іс-шара
Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз мәңгі болсын! ✨ Бірлігіміз жарасқан – Қазақстан! 11.05.2026Мектепте өткен іс-шара
Бірлік – біздің басты байлығымыз, Татулық – елдігіміздің тірегі. Көпұлтты елімізде достық пен сыйластықтың туы әрдайым биік болсын! Әр шаңырақта береке, әр жүректе мейірім, әр елде тыныштық орнасын. Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз мәңгі болсын! 11.05.2026Мектепте өткен іс-шара