📅 20.01 күні 2–4 сынып оқушылары арасында “Жас информатиктер саяхаты” атты қызықты квест ойыны өтті. 🧠 Ойынға 3 топ қатысып, өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын сынға салды. 🏆 Сайыс нәтижесі бойынша: 🥇 1-орын – “Алға” тобы (2-сыныптар) 🥈 2-орын – “Білгірлер” тобы (3-сыныптар) 🥉 3-орын – “Тапқырлар” тобы (4-сыныптар) 👏 Барлық қатысушыларға белсенділік пен шығармашылықтары үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды құттықтаймыз! 🎉

📢 Математика–информатика апталығының ашылуы Бүгін мектебімізде математика–информатика апталығы өз шымылдығын ашты. ➗💻 Апталықтың мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, цифрлық сауаттылығын арттыру, пәндерге деген қызығушылығын күшейту. Апта бойы қызықты есептер, зияткерлік ойындар, квесттер мен сайыстар ұйымдастырылады. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз! 🚀