📢 Математика–информатика апталығының ашылуы Бүгін мектебімізде математика–информатика апталығы өз шымылдығын ашты. ➗💻 Апталықтың мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, цифрлық сауаттылығын арттыру, пәндерге деген қызығушылығын күшейту. Апта бойы қызықты есептер, зияткерлік ойындар, квесттер мен сайыстар ұйымдастырылады. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз! 🚀