“Таза Қазақстан” экологиялық мәдениет дамыту тұжырымдамасын іске асыру негізінде “Қағаз тапсыр – ағашты сақта” макулатура жинау бойынша акциясы өткізілді. Акцияға оқушылар белсене қатысты. Ата-аналар да аталмыш шараға ат салысты. Осыған орай 9.02. күні әр сынып осы акцияға орай қағаз тапсырды.

«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениет дамыту тұжырымдамасын іске асыру негізінде «Қағаз тапсыр – ағашты сақта» макулатура жинау бойынша акциясы өткізілді. Акцияға оқушылар белсене қатысты. Ата-аналар да аталмыш шараға ат салысты. Осыған орай 9.02. күні әр сынып осы акцияға орай қағаз тапсырды.

Даулетбаев Тобыл Еслямғалиұлы атындағы оқушылардың XIII өңірлік ғылыми-практикалық байқауы 7 ақпанда өтті. №24 мектеп-гимназиясынан қатысқан оқушылар 1 орын иеленді: Досанова Жасмин (жетекшісі Жусупова А.К.), Мұхтарұлы Алихан, Ердес Мәриям (жетекшісі Ахметова Ш.Б.), Сәбит Азиз (жетекшісі Каримова Л.А.)

5.05 күні 4 сынып оқушылары арасында «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, “Кітап оқитын ұлт” жоба бойынша «Ботақан» кітабы бойынша «сұрақ – жауап» керуені» өтті. 1. «Сөз маржаны» – «Ботақан» кітабының шығу тарихы мен мазмұны бойынша жалпылама әр топқа кезекпен 2 сұрақтан қойылады. Соған жауап беру керек. Өлеңдерді мәнерлеп оқу. 2. «Шабыт шыңы» – «Ботақан» кітабындағы өлеңдер мен авторларға қатысты әр топқа кезекпен 2 сұрақтан қойылады. Соған жауап беру керек. Ақын – жазушылардың өмірімен танысу. 3. «Мәтін әлеміне саяхат» – «Ботақан» кітабындағы өлеңдер мен авторларға қатысты әр топқа кезекпен 3 сұрақтан қойылады. Соған жауап беру керек. Іс-шараға қатысқан әділ-қазылар : 1. Биалаш Балтақызы Сүйінкина – Қазақстан Республикасы Білім беру саласының үздігі, ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері, «Ы. Алтынсарин», «Үздік педагог» медальдарының иегері, «Қазына» сыйлығының лауреаты; 2. Каримова Сауле Елеусизовна – ұстаздық жұмыстың ардагері, «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері; 3. Оспанов Марғұлан Бақытбекұлы – «Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайының» басшысы, композитор, айтыскер ақын. 4. Шалгимбаева Шынар Тулегеновна – Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхананың Мектеп жасына дейінгі, кіші және орта мектеп жасындағы оқушыларға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі.

Қазақ тілі мен әдебиет апталығы аясында 1-сынып оқушылары арасында “Ертегілер әлемінде” атты сайыс өтті. Сайыс барысында әр сынып өздері таңдаған ертегі бойынша шағын қойылым ұсынып, кейіпкерлердің образын шебер сомдады. Бүлдіршіндердің сахнадағы батылдығы, қиялы мен өнері көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Бұл іс-шара оқушылардың тіл байлығын арттырып, ертегіні сүюге, сахналық мәдениетке баулуға үлкен мүмкіндік болды. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Сайыс қорытындысында әр сыныпқа номинациялар берілді.

“Күретамыр” жобасы аясында “Атаның сөзі – дананың көзі” атты мазмұнды сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу, аталар өнегесі арқылы тәрбиелік мәні зор ақыл-кеңес беру, рухани сабақтастықты нығайту

4-сыныптар арасында “Саламатты мектеп” жобасы аясында денсаулық нығайту мектебі бағдарламасы бойынша пионербол ойынынан спорттық кездесуі өтті. Оқушылар жақсы ойын көрсетіп, тамаша көңіл көтерді. Достық, ұйымшылдық және жеңіске деген жігер ортақ істе шынықтырып, біріктіре алды.

Бос жұмыс орын

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025-2026 оқу жылына бастауыш сынып мұғалімі бос лауазымына  конкурс жариялайды. Бос орын: 1 жүктеме.  Мектеп директорының ақпараттық-коммуникациялар технологиясы жөніндегі орынбасары Ресми жалақы: 250 000 тенге. Жұмыспен…