Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай лагерь тәрбиеленушілері арнайы бейнеролик дайындады. Бейнеролик арқылы балалар Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, Мемлекеттік Туымызды, Елтаңбамызды және Әнұранымызды құрметтеудің маңызын көрсетті. Әрбір кадрдан туған елге деген мақтаныш пен патриоттық сезім байқалды. Еліміздің рәміздері әрдайым биікте желбірей берсін! 08.06.2026Жаз 2026
Лагерьдің 3-күні Бүгін лагеріміздің үшінші күні де көтеріңкі көңіл-күймен өтті! Балалар қызықты ойындарға қатысып, жаңа достар тауып, түрлі шығармашылық және спорттық тапсырмаларды орындады. Күніміз күлкіге, қуанышқа және жарқын әсерлерге толы болды. Әр сәт балалар үшін есте қаларлық естелікке айналып, жазғы демалыстың қызығын сезінуге мүмкіндік берді. Алда бізді әлі де көптеген қызықты күндер күтуде! 08.06.202608.06.2026Жаз 2026
Жазғы лагерьдің екінші күні ерекше көңілді өтті! Бүгін балалар таңғы жаттығудан сергек бастау алып, түрлі қызықты ойындарға белсенді қатысты. Күннің ең жарқын сәттерінің бірі – лагерьге цирк әртістерінің келуі болды. Балалар қызықты қойылымдарды тамашалап, көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын эмоцияларға бөленді. 08.06.2026Жаз 2026
1 маусым – Балаларды қорғау күні! 🌈 Бала күлкісі – әлемнің ең әдемі әуені. Бүгінгі мереке әрбір бүлдіршіннің бақытты балалық шағы, жарқын болашағы мен орындалатын армандарының мерекесі. Барша балаларды мерекемен құттықтаймыз! Әрқашан жүздеріңізден күлкі кетпесін, дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын! Армандарыңыз асқақтап, білім мен жетістіктің биігінен көріне беріңіздер! 💙 ✨ Балалық шақтарыңыз бақытқа, қуанышқа және қызықты сәттерге толы болсын! 08.06.2026Жаз 2026
Сендер-біздің болашағымыз отбасылық челленджін жалғастырушы кезекті ата-анамыздан тілек🤗 08.06.2026Жаз 2026
Менің арманым-менің мүмкіндігім челенджін ары қарай жалғастырушы оқушыларымыз🤗 Армандарыңа жетулеріңе тілектеспіз🤗 08.06.2026Жаз 2026
Өзінің арманымен бөлісіп,өз достарына да бөлісіп мотивация беріп отырған оқушымыз. Болашағың жарқын болсын балақай🤗 08.06.2026Жаз 2026