Жазғы лагерьдің екінші күні ерекше көңілді өтті! Бүгін балалар таңғы жаттығудан сергек бастау алып, түрлі қызықты ойындарға белсенді қатысты. Күннің ең жарқын сәттерінің бірі – лагерьге цирк әртістерінің келуі болды. Балалар қызықты қойылымдарды тамашалап, көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын эмоцияларға бөленді.