Лагерьдің 3-күні Бүгін лагеріміздің үшінші күні де көтеріңкі көңіл-күймен өтті! Балалар қызықты ойындарға қатысып, жаңа достар тауып, түрлі шығармашылық және спорттық тапсырмаларды орындады. Күніміз күлкіге, қуанышқа және жарқын әсерлерге толы болды. Әр сәт балалар үшін есте қаларлық естелікке айналып, жазғы демалыстың қызығын сезінуге мүмкіндік берді. Алда бізді әлі де көптеген қызықты күндер күтуде!