Республика күні аясында 1-сынып оқушылары жолда жүру ережелерімен таныс болып, өз білгендерін Жаяу жүргіншілер қатарына қосылу ертеңгілігі барысында ортаға салды. Ертеңгілік барысында ән шырқалып, шумақтар айтылды, көрініс қойылып, жадынамалар таратылды. 1”А” сыныбы Жетекшісі:Лязат Аубакировна 03.11.2025Мектепте өткен іс-шара
Республика күні аясында 1-сынып оқушылары жолда жүру ережелерімен таныс болып, өз білгендерін Жаяу жүргіншілер қатарына қосылу ертеңгілігі барысында ортаға салды. Ертеңгілік барысында ән шырқалып, шумақтар айтылды, көрініс қойылып, жадынамалар таратылды. 1”Ә” сыныбы Жетекшісі:Закира Асылбековна 03.11.2025Құқықтық тәрбие
Республика күні аясында мектепішілік ұлттық ойындар мен спорттық ойындар сыныптар арасында ұйымдастырылды. Оқушылар қызыға қатысып, жүлделі орындар алды. 03.11.2025Мектепте өткен іс-шара
Республика күніне арналған сынып сағатында оқушылар ел тарихымен танысып, патриоттық рухқа бөленді! 03.11.2025Мектепте өткен іс-шара
1-сынып оқушылары Ыбырай Алтынсарин атындағы кітапханаға барып, түрлі қызықты кітаптармен танысты. Бүлдіршіндерге кітап әлемінің сырын ашып, оқуға деген қызығушылықтары артты✨ 03.11.2025Мектеп кітапханасы
Бүгін мектеп оқушылары қалалық деңгейде өткен мерекелік іс-шараға қатысып, хормен Мемлекеттік Әнұранды орындады. Бұл сәт – елге деген құрмет пен мақтаныштың, жас ұрпақ бойындағы патриоттық рухтың айқын көрінісі болды. Оқушылардың әуезді дауысы арқылы Отанға деген сүйіспеншілік, бірлік пен бейбіт өмірдің мәні сезілді. Осындай шаралар жас ұрпақтың бойында елжандылық қасиетті қалыптастырып, тәуелсіз еліміздің болашағына деген сенімді күшейтеді. 03.11.2025Мектепте өткен іс-шара
Республика күні – ел бірлігі мен тәуелсіздіктің символы! Бүгінгі сынып сағатында оқушыларымыз Отанға деген сүйіспеншілік, елжандылық сезімдерін ұштап, туған жердің қадірін терең түсінді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿 Оқушылар тәуелсіз елдің жетістіктерімен танысып, өз елін сүйе білудің маңызын түсінді. Туған елім – Қазақстаным, мәңгі жасай бер! 03.11.2025Мектепте өткен іс-шара
Бүгін оқушылар арасында жол жүру ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ата-аналарға арнайы жадынама таратылды. Бұл шараның мақсаты — балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру. 03.11.2025Мектепте өткен іс-шара