Әрбір халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері бар. Қазақ халқының соның бірі – «Тілашар» дәстүрі. Бұл дәстүр баланың алғаш мектеп табалдырығын аттап, сауатын ашуымен байланысты өткізіледі. Қазіргі таңда ол 1 – сынып оқушыларына арналған мерекелік іс-шара түрінде жалғасын табуда. Бүгін мектеп қабырғасында 1 «А» және 1 «Ә» сынып оқушыларының бүлдіршіндерінің алғашқы бастамасы ретінде «Тілашар» ертеңгілігі өтті. Мерекелік іс – шара қызықты әрі жандандырылған болды. Оқушылар тақпақтар мен өлең жолдарына, халық ауыз әдебиетінің туындыларына, санамақтар мен әзіл – сықақты жеткізер көріністерді аса ерекше көңілмен көрерменге ұсынды. Аталмыш іс – шараға ерекше сән берген оқушылардың қалыптасқан сауатты тілдері мен өзөін – өзі басқаруы оқушылардың біршама есейгендіктерін көрсетті. Оқушылардың «Тілашар» мерекесіне қолдау көрсетіп білім бөлімінен Жумагулова Ж.Д., көрнекті ақын – жазушы, мектебіміздің атасы Шаяхметов А.Қ., ата – аналары келді. 25.09.2025Мектепте өткен іс-шара
Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты мен қызметі, этносаралық қатынас мәселелері, облыстық Аналар кеңесінің “Салауатты сана” жобасы, бес әлеуметтік кесел: нашақорлық, отбасылық зорлық-зомбылық, лудомания, ысырапшылдық, вандализмнің алдын алу шаралары тақырыбында Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ бас сарапшысы Жумасултанова Жадыра Өмірбекқызы мектеп ұжымымен ой салысып, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ортақ істе кеңес берісті 25.09.2025Без рубрики
Отбасы – тірегіміз, денсаулық – жүрегіміз! 🤍 Екі құндылықты дәріптеген спорттық шарамыз көңілді өтті.Денсаулық пен отбасы құндылықтарын ұлықтаған жарқын сәттер! 25.09.2025Мектепте өткен іс-шара
Денсаулық пен отбасы құндылықтарын дәріптеген спорттық шарада барлығымыз қуанышпен бас қостық 25.09.2025Мектепте өткен іс-шара
Мектеп қабырғасында ұйымдастырылған көңілді шара Отбасы құндылығы мен достық пен бірлікке бағытталды. Оқушылар мен ата-аналар бірлескен шарада көңілді тапсырмаларды аса ерекше қимылмен орындап, қатыгездік пен тасжүректілікке жол бермеу акциясы ретінде ортақ флеш – мобта бірікті. 25.09.2025Мектепте өткен іс-шара
4 «А» сынып оқушылары “Ғарыш паркке” саяхат жасап қызықтап көтеріңкі көңіл күйде қайтты. #саяхат #көңілкүй #оқшылар 25.09.2025Мектепте өткен іс-шара