Әрбір халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері бар. Қазақ халқының соның бірі – «Тілашар» дәстүрі. Бұл дәстүр баланың алғаш мектеп табалдырығын аттап, сауатын ашуымен байланысты өткізіледі. Қазіргі таңда ол 1 – сынып оқушыларына арналған мерекелік іс-шара түрінде жалғасын табуда. Бүгін мектеп қабырғасында 1 «А» және 1 «Ә» сынып оқушыларының бүлдіршіндерінің алғашқы бастамасы ретінде «Тілашар» ертеңгілігі өтті. Мерекелік іс – шара қызықты әрі жандандырылған болды. Оқушылар тақпақтар мен өлең жолдарына, халық ауыз әдебиетінің туындыларына, санамақтар мен әзіл – сықақты жеткізер көріністерді аса ерекше көңілмен көрерменге ұсынды. Аталмыш іс – шараға ерекше сән берген оқушылардың қалыптасқан сауатты тілдері мен өзөін – өзі басқаруы оқушылардың біршама есейгендіктерін көрсетті. Оқушылардың «Тілашар» мерекесіне қолдау көрсетіп білім бөлімінен Жумагулова Ж.Д., көрнекті ақын – жазушы, мектебіміздің атасы Шаяхметов А.Қ., ата – аналары келді.