02.09.2025 жыл мектебімізде 1-4 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Сабақтар «Менің Отаным-Қазақстан!» тақырыбында ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын ортаға салып,мектептің білім мен тәрбие беретін асыл ұя екендігін сезіне түсті. Шара барысында ізгі тілектерін арнап, жылы әрі достық атмосфера қалыптасты. Сынып: 1 «Ә» Сынып жетекшісі: Калдаманова З.А

02.09.2025жыл Мектеп ауласында 1-4 сынып оқушылары үшін салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында ұстаздар мен оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі. Оқушылар сап түзеп, мектеп рухын көтерген әндер мен көтеріңкі көңіл-күйде шара өз мәресіне жетті.

16 тамызда, Казакстан Республикасы Конституциясының, 30 жылдығы қарсанында, Сити-орталық алаңында сүйікті қаламыздың 146 жылдығына арналған «Өркенде, өнерлі Қостанайым!» атты кең ауқымды фестиваль өтті. Қаланың білім беру қауымдастығы мерекені нағыз шығармашылық сапарга айналдырып, сахна төрінде Қостанайдың, айрықша нышандарын жаңғыртты. Мектебіміз “Қазақ аруы” тақырыбын барынша ашып, өз арбасын көрерменге ұсынды. Композиция – жай ғана қойылым емес, туған жерге деген мақтаныш пен сүйіспеншілікке толы шежіре. Фестиваль аякталған соң қостанайлықтар мен қонақтар әсем безендірілген композициялар жанында естелікке суретке түсті.

10 тамыз — Абай Құнанбайұлы күні Бүгін біз қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, философы және ағартушысы — Абай Құнанбайұлының күнін атап өтеміз. Абай — қазақ халқының рухани жаңғыруының символына айналған тұлға. Оның өлеңдері мен қара сөздері терең философиялық мағынаға толы, адамды өзін дамытуға, тануға және туған мәдениетін сүюге шабыттандырады. Ол бірлікке, білімге, адамгершілікке үндеді. Абайдың өсиеті бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ. 🖋️ «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», — деп жазды Абай. Осы күні біз оның даналығын, әдебиет пен мәдениетке қосқан үлесін еске алып, ұлы тұлғаның мұрасын зор мақтанышпен еске аламыз. #АбайҚұнанбайұлы #АбайКүні #Қазақстан #АбайМұрасы #АбайдыңСөзі

Бүгін жазғы демалыс алаңының қорытынды күні өтті. Балалар осы уақыт аралығында алған әсерлерімен бөлісіп, ұмытылмас сәттерді еске алды. Іс-шаралар: – Балалар суреттермен алғыс айту плакатын безендіріп, өз тілектерін жазды. – Әсерлі билейік, күлейік! би-ойын бағдарламасында белсенді қатысты. 🍿 Кинотеатрға барып, қызықты мультфильм тамашалады. Жазғы алаң оқушыларға қуаныш, жаңа достар, шығармашылық пен сергектік сыйлады. Балалар керемет көңіл-күймен алаңмен қоштасты.

Бүгін жазғы алаңда ұлттық дәстүр мен көңілді сәттерге толы «Бауырсақ-fest» мерекесі өтті. Іс-шара ашық аспан астында, таза ауада ұйымдастырылды. Іс-шара барысы: – Балалар далалық дастарханнан бауырсақпен тамақтанып, ұлттық тағамға деген құрметтерін білдірді. – Әртүрлі қимылды ойындар ойнап, балалар белсенділік танытты. – Ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын жасап, өз жұмыстарын көрмеге қойды. Қорытынды: Балалар үшін рухани бай, танымдық және көңілді күн болды. Ұлттық мәдениетке қызығушылық артып, достық пен ұйымшылдық күшейді.

Бүгін жазғы алаң оқушылары “І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрына” барды. Театр сахнасында балалар назарына «Бұртима» ертегісі негізінде қойылған қойылым ұсынылды. Қойылым достық, өзара түсіністік пен қамқорлық тақырыбын қамтыды. Балалар кейіпкерлердің әрекеттері арқылы шынайы достықтың қадірін түсініп, өмірлік тәрбие алды. Қойылымның қызықты сәттері мен юморлық көріністері балаларға ерекше әсер сыйлап, көңілдерін көтерді. 🎭 Балалар театр өнерімен жақын танысып, рухани демалып қайтты. Қойылым тәрбиелік мәні мен көркемділігі жағынан жоғары деңгейде өтті.

Бүгін жазғы алаң аясында оқушылар Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасына саяхат жасады. – Экскурсия барысында балалар кітапхана бөлімдерімен танысып, табиғатты қорғау, экология тақырыбында бейнеролик тамашалады. Видео арқылы табиғатқа қамқор болу, жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтау маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар заман талабының ахуалдары:қаржылық сауаттылық тақырыбы да түсіндірілді. Себебі табиғатты аяламасақ, адамзат біраз шығынға тап болуы мүмкін. – Іс-шараның екінші бөлімінде қағаздан қолөнер бұйымдарын жасау бойынша шеберлік сағаты өтті. Балалар өз қолымен табиғат бейнесін жасап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. 🌍 Балалар жаңа мағлұмат алып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырды. Күн танымды әрі қызықты өтті.