Бүгін жазғы алаң аясында оқушылар Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасына саяхат жасады. – Экскурсия барысында балалар кітапхана бөлімдерімен танысып, табиғатты қорғау, экология тақырыбында бейнеролик тамашалады. Видео арқылы табиғатқа қамқор болу, жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтау маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар заман талабының ахуалдары:қаржылық сауаттылық тақырыбы да түсіндірілді. Себебі табиғатты аяламасақ, адамзат біраз шығынға тап болуы мүмкін. – Іс-шараның екінші бөлімінде қағаздан қолөнер бұйымдарын жасау бойынша шеберлік сағаты өтті. Балалар өз қолымен табиғат бейнесін жасап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. 🌍 Балалар жаңа мағлұмат алып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырды. Күн танымды әрі қызықты өтті.