Бүгінгі күн танымдық әрі шығармашылыққа толы болды. Оқушылардың бір бөлігі “IQostanay Smart орталығына” экскурсияға барып, түрлі бағыттағы үйірмелерге қатысып бағдарламаларымен танысты. 🔬 Қолөнер, робототехника, ғылыми бағыттағы үйірмелер балаларға қызықты, танымды болды. 🎨 Балалар өздерін суретші, өнертапқыш, ғалым ретінде сезініп, қызығушылықпен белсенділік танытты. 📚 Ал 2-сынып оқушылары “Л. Толстой атындағы облыстық кітапханаға” экскурсия жасады. Мұнда олар балалар бөлімін аралап, кітаптармен танысып, қолөнерге арналған шеберлік сағатқа қатысты. Қолмен жасалған бұйымдар жасап, шығармашылық қабілеттерін дамытты. Оқушыларға жаңа білім мен тәжірибе берілген, рухани дамуға бағытталған мазмұнды күн өтті. Көңіл-күй көтеріңкі болды. 04.07.2025Без рубрики
Бүгін балалар үшін қызықты әрі пайдалы күн болды. “Таңертеңгілік жаттығудан” кейін оқушылар екі бағытта белсенділікке қатысты: Бассейнге бару: Балалар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жүзу жаттығуларын орындап, су ішінде ойындар ойнады. Бұл сергіту мен шынығу үшін тамаша мүмкіндік болды. – “Арт-дизайн үйірмесі” :Қалған оқушылар шығармашылықпен айналысып, түрлі техникада сурет салып, қолданбалы өнер бұйымдарын жасады. Балалар өз қиялдарын қағаз бетіне түсіріп, жұмыстарын таныстырды. Балалар белсенді демалды, денсаулықтарын нығайтып, шығармашылық қабілеттерін дамытты. Күн ұйымшыл әрі қызықты өтті. 04.07.2025Без рубрики
Егеменді еліміздің жарқын келешегі — білімді, тәрбиелі, елжанды ұрпақтың қолында. Тәуелсіз елдің тұғырын берік ететін де – өскелең ұрпақ. Бүгінгі бала — ертеңгі ұстаз, дәрігер, ғалым, ел қорғайтын азамат. Олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, білімге құштарлықты тәрбиелеу — біздің ортақ міндетіміз. 04.07.2025Без рубрики
Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі. Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. 04.07.2025Без рубрики
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні! Бұл күн – еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін, болашағын айқындайтын “Ту”, “Елтаңба”, “Әнұран” секілді қасиетті нышандарға деген құрметтің белгісі. Мемлекеттік рәміздер – әр қазақтың жүрегіндегі мақтаныш, Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Олар біздің тарихымызды, мәдениетімізді, асқақ рухымызды бейнелейді. 🇰🇿 “Ту – тәуелсіздіктің тірегі” “Елтаңба – елдігіміздің айғағы 🎶 «Әнұран – рухымыздың үні» Рәміздерімізді құрметтеу – әр азаматтың қасиетті борышы! «Мақтан ет, қорға, құрметте!» 04.07.2025Без рубрики
Маусымның 2-сі № 24 мектеп-гимназия жанындағы жазғы демалыс алаңы салтанатты түрде ашылды. *Бүгінгі күн* ерекше көңілді және ұйымшылдық рухында өтті. Балалар таңертеңгі жаттығумен бастады. Топтарға бөлініп, танысу тренингтері, ойындар және топтың эмблема, ұрандарын жасау жұмыстары жүргізілді. Балалар белсенділік танытып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Алда қызықты күндер көп! 04.07.2025Жаз 2021
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне және жазғы мектеп алаңының ашылуына орай Қостанай қаласының білім бөлімінің балалар шығармашылығы мектебінде өткен «Salem Multyfest-2025!» жазғы сауықтыру бағдарламасына біздің мектептің де бірқатар оқушылары қатысты. Балаларға тамаша көңіл-күй сыйлаған әсем әуен, нақышты бимен қатар қызықты ойындар да ойнатылды. 04.07.2025Жаз 2021
24 мектеп-гимназиясының оқушылары “Таным” апталығы аясында “IQOSTANAY” смарт орталыққа саяхатқа шықты.Оқушылар ғылыми-техникалық,экология-биологиялық,эстетикалық,3 D компьтерлік модельдеу,режиссерлік шеберлік және химиялық,физикалық үйірмелерді тамашалады.Орталықта оқушылар жан-жақты білім алуға көп мүмкіндіктер бар. Жетекшілер: К.Т.Ермекова және Г.К.Аманбаева 04.07.2025Мектепте өткен іс-шара