4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні! Бұл күн – еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін, болашағын айқындайтын “Ту”, “Елтаңба”, “Әнұран” секілді қасиетті нышандарға деген құрметтің белгісі. Мемлекеттік рәміздер – әр қазақтың жүрегіндегі мақтаныш, Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Олар біздің тарихымызды, мәдениетімізді, асқақ рухымызды бейнелейді. 🇰🇿 “Ту – тәуелсіздіктің тірегі” “Елтаңба – елдігіміздің айғағы 🎶 «Әнұран – рухымыздың үні» Рәміздерімізді құрметтеу – әр азаматтың қасиетті борышы! «Мақтан ет, қорға, құрметте!»