1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне және жазғы мектеп алаңының ашылуына орай Қостанай қаласының білім бөлімінің балалар шығармашылығы мектебінде өткен «Salem Multyfest-2025!» жазғы сауықтыру бағдарламасына біздің мектептің де бірқатар оқушылары қатысты. Балаларға тамаша көңіл-күй сыйлаған әсем әуен, нақышты бимен қатар қызықты ойындар да ойнатылды.