Мәдени сауаттылық пен көркем сөзді молайту мақсатында 2-сынып оқушылары Қуыршақтар театрына “Ғажайыптар сандығы” қойылымына көрермен болып саяхатқа шығып келді. Қойылымда қызықте ертегімен қатар оқушылар интерактивтерге қатысып, жақсы уақыт өткізді. Көңілді саяхат барысында оқушылар алған эмоциясымен бір-бірімен бөлісіп, сабақтан тыс уақыттың пайдалы өткізгендігін шындады.

Этникалық мәдениетті, қазақ халқының ұлттық элементтерін тереңірек зерттеу, салт-дәстүрлерімізді білу және қазақ халқының кәсіпшілігін зерделеу. Осындай мақсатта 24- мектеп-гимназиясы қабырғасында «Ұлттық құндылықтар» атты тәлім-тәрбие мен тағылымға толы іс-шара өтті. #біртұтас_тәрбие

«Армысың, дарындылық!» онкүндігі аясында 3-4 сынып оқушыларының танымдық қызығушылығы мен ғылыми бағыттағы тәжірибелік қызығушылықтарын шыңдау үшін «Атом – бум» ғылыми шоу ұйымдастырылды. Шоу барысында оқушылар ғылыми жолмен түсіндірілетін қарапайым болмыстағы тәжірибелерді көзбен көріп, қолмен ұстай алды. Өздері де тікелей тәжірибеге қатысып, көптеген жағымды эмоциялар алды.

11.04. күні мектебімізде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Ұлттық құндылықтар” жобасы негізінде этникалық мәдениет пен қазақ халқының құндылықтарын терең зерделеу, халықтық дәстүрлерді білу және қазақ халқының кәсіпшілігін зерттеу мақсатында “Наурыз айшықтары” мерекелік бағдарламасы өтті. Іс шарада І.Омаров атындағы қазақ драма театры әртістері, @omarov_theatre Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы солистері @kost_obl_filarmoniasy , «Карнавал» хореография ансамблі @kst_karnaval_mektebi өнер көрсетті. Қазақ қолөнерінің түрлері, этно-көрме көрермен көзін қуантты. Көктемнің нұры жауған іс-шарада мектеп оқушылары мен ата-аналары өте белсенді қатысып, тамаша көңіл көтерді. Қостанай қаласының зиялы қауымы мектеп атасы Ақылбек Шаяхметовтың бастауымен іс-шараға қолдау жасады. Аталмыш іс-шара өз мақсатына жетті.

Мектеп пен тәртіп сақтау органдары серіктестігі негізінде бірлескен жұмыстар атқарылуда. Соның негізінде Қостанай қаласы полиция басқармасының Криманалдық полиция бөлімінің кіші жедел уәкілі полиция аға сержанты Таупкелов Абзал Рахымжанулы 4 сынып оқушылары үшін “Бұзақылық пен жауапкершілік” тақырыбында ақпараттандыру жұмысын өткізіп, жауапкершілік құндылығына көңіл бөлінді.

Бос жұмыс орындар 10.04.2025-21.04.2025

  Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024-2025 оқу жылына бастауыш сынып мұғалімі (декреттік демалыс орнына) бос лауазымына  конкурс жариялайды. Бос орын: 2.  Бастауыш сынып мұғалімі Ресми жалақы: 200 000 тенге. Жұмыспен…