16.04. күні №2 емханасының “Салаутты өмір сүру салтын ұстану” бойынша маман келіп 3-4 сынып оқушылары үшін танымдық дәріс оқыды. Дәріс барысында су пайдасы мен оны тұтыну жолдары, дұрыс тамақтану, жарақаттану, артық салмақ, тымау аурыларының алдын алу, иммунопрофилактика тақырыптары қозғалды. Оқушылар дәріс соңында өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, дәрігер маманнан ақыл-кеңес алды. 17.04.2025Мектепте өткен іс-шара
8 сәуір күні мектебімізде “Армысың, Дарындылық!” оңкүндігі аясында 4 сынып оқушылары арасында “Менің атым-Қожа” фильмі бойынша дебат ойыны өткізілді. Оқушылар белсенді қатысып, өздерінің қөзқарастарын дәлелдей білді. 17.04.2025Мектеп психологы, Мектепте өткен іс-шара
Мәдени сауаттылық пен көркем сөзді молайту мақсатында 2-сынып оқушылары Қуыршақтар театрына “Ғажайыптар сандығы” қойылымына көрермен болып саяхатқа шығып келді. Қойылымда қызықте ертегімен қатар оқушылар интерактивтерге қатысып, жақсы уақыт өткізді. Көңілді саяхат барысында оқушылар алған эмоциясымен бір-бірімен бөлісіп, сабақтан тыс уақыттың пайдалы өткізгендігін шындады. 17.04.2025Мектепте өткен іс-шара
Этникалық мәдениетті, қазақ халқының ұлттық элементтерін тереңірек зерттеу, салт-дәстүрлерімізді білу және қазақ халқының кәсіпшілігін зерделеу. Осындай мақсатта 24- мектеп-гимназиясы қабырғасында «Ұлттық құндылықтар» атты тәлім-тәрбие мен тағылымға толы іс-шара өтті. #біртұтас_тәрбие 17.04.2025Мектепте өткен іс-шара
«Армысың, дарындылық!» онкүндігі аясында 3-4 сынып оқушыларының танымдық қызығушылығы мен ғылыми бағыттағы тәжірибелік қызығушылықтарын шыңдау үшін «Атом – бум» ғылыми шоу ұйымдастырылды. Шоу барысында оқушылар ғылыми жолмен түсіндірілетін қарапайым болмыстағы тәжірибелерді көзбен көріп, қолмен ұстай алды. Өздері де тікелей тәжірибеге қатысып, көптеген жағымды эмоциялар алды. 17.04.2025Оқу әрекеттері
11.04. күні мектебімізде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Ұлттық құндылықтар” жобасы негізінде этникалық мәдениет пен қазақ халқының құндылықтарын терең зерделеу, халықтық дәстүрлерді білу және қазақ халқының кәсіпшілігін зерттеу мақсатында “Наурыз айшықтары” мерекелік бағдарламасы өтті. Іс шарада І.Омаров атындағы қазақ драма театры әртістері, @omarov_theatre Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы солистері @kost_obl_filarmoniasy , «Карнавал» хореография ансамблі @kst_karnaval_mektebi өнер көрсетті. Қазақ қолөнерінің түрлері, этно-көрме көрермен көзін қуантты. Көктемнің нұры жауған іс-шарада мектеп оқушылары мен ата-аналары өте белсенді қатысып, тамаша көңіл көтерді. Қостанай қаласының зиялы қауымы мектеп атасы Ақылбек Шаяхметовтың бастауымен іс-шараға қолдау жасады. Аталмыш іс-шара өз мақсатына жетті. 17.04.2025Мектепте өткен іс-шара