Бүгін 1 “Б” сыныбындағы “Суды үнемде-болашақты сақта” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушылар пайдалы мағлұмат алып, өз білгендерінен тезисьер құрастырды 24.04.202524.04.2025Мектепте өткен іс-шара
16.04. күні №2 емханасының “Салаутты өмір сүру салтын ұстану” бойынша маман келіп 3-4 сынып оқушылары үшін танымдық дәріс оқыды. Дәріс барысында су пайдасы мен оны тұтыну жолдары, дұрыс тамақтану, жарақаттану, артық салмақ, тымау аурыларының алдын алу, иммунопрофилактика тақырыптары қозғалды. Оқушылар дәріс соңында өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, дәрігер маманнан ақыл-кеңес алды. 17.04.2025Мектепте өткен іс-шара
8 сәуір күні мектебімізде “Армысың, Дарындылық!” оңкүндігі аясында 4 сынып оқушылары арасында “Менің атым-Қожа” фильмі бойынша дебат ойыны өткізілді. Оқушылар белсенді қатысып, өздерінің қөзқарастарын дәлелдей білді. 17.04.2025Мектеп психологы, Мектепте өткен іс-шара
Мәдени сауаттылық пен көркем сөзді молайту мақсатында 2-сынып оқушылары Қуыршақтар театрына “Ғажайыптар сандығы” қойылымына көрермен болып саяхатқа шығып келді. Қойылымда қызықте ертегімен қатар оқушылар интерактивтерге қатысып, жақсы уақыт өткізді. Көңілді саяхат барысында оқушылар алған эмоциясымен бір-бірімен бөлісіп, сабақтан тыс уақыттың пайдалы өткізгендігін шындады. 17.04.2025Мектепте өткен іс-шара
Этникалық мәдениетті, қазақ халқының ұлттық элементтерін тереңірек зерттеу, салт-дәстүрлерімізді білу және қазақ халқының кәсіпшілігін зерделеу. Осындай мақсатта 24- мектеп-гимназиясы қабырғасында «Ұлттық құндылықтар» атты тәлім-тәрбие мен тағылымға толы іс-шара өтті. #біртұтас_тәрбие 17.04.2025Мектепте өткен іс-шара
«Армысың, дарындылық!» онкүндігі аясында 3-4 сынып оқушыларының танымдық қызығушылығы мен ғылыми бағыттағы тәжірибелік қызығушылықтарын шыңдау үшін «Атом – бум» ғылыми шоу ұйымдастырылды. Шоу барысында оқушылар ғылыми жолмен түсіндірілетін қарапайым болмыстағы тәжірибелерді көзбен көріп, қолмен ұстай алды. Өздері де тікелей тәжірибеге қатысып, көптеген жағымды эмоциялар алды. 17.04.2025Оқу әрекеттері
11.04. күні мектебімізде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Ұлттық құндылықтар” жобасы негізінде этникалық мәдениет пен қазақ халқының құндылықтарын терең зерделеу, халықтық дәстүрлерді білу және қазақ халқының кәсіпшілігін зерттеу мақсатында “Наурыз айшықтары” мерекелік бағдарламасы өтті. Іс шарада І.Омаров атындағы қазақ драма театры әртістері, @omarov_theatre Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы солистері @kost_obl_filarmoniasy , «Карнавал» хореография ансамблі @kst_karnaval_mektebi өнер көрсетті. Қазақ қолөнерінің түрлері, этно-көрме көрермен көзін қуантты. Көктемнің нұры жауған іс-шарада мектеп оқушылары мен ата-аналары өте белсенді қатысып, тамаша көңіл көтерді. Қостанай қаласының зиялы қауымы мектеп атасы Ақылбек Шаяхметовтың бастауымен іс-шараға қолдау жасады. Аталмыш іс-шара өз мақсатына жетті. 17.04.2025Мектепте өткен іс-шара
“Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында мектеп ұжымы мен қызметкерлері мектеп ауласын тазалау сенбіліктері өткізілді. Сенбілікке белсенді қатысу арқасында ауланы жинақтап, демдеп қойды. 10.04.202510.04.2025Мектепте өткен іс-шара
4-тоқсан бастамасы ретінде ата-аналар комитеті мүшелері мен төрайымдары үшін актуалды мәселелер бойынша жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында ата-аналар сұрақтар бойынша өз ойларын білдіріп, ортақ талқылау жүргізілді. 10.04.2025Директор Блогы, Қамқорлық кеңесі
Мектеп пен тәртіп сақтау органдары серіктестігі негізінде бірлескен жұмыстар атқарылуда. Соның негізінде Қостанай қаласы полиция басқармасының Криманалдық полиция бөлімінің кіші жедел уәкілі полиция аға сержанты Таупкелов Абзал Рахымжанулы 4 сынып оқушылары үшін “Бұзақылық пен жауапкершілік” тақырыбында ақпараттандыру жұмысын өткізіп, жауапкершілік құндылығына көңіл бөлінді. 10.04.202510.04.2025Құқықтық тәрбие