4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні! Бұл күн – еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін, болашағын айқындайтын “Ту”, “Елтаңба”, “Әнұран” секілді қасиетті нышандарға деген құрметтің белгісі. Мемлекеттік рәміздер – әр қазақтың жүрегіндегі мақтаныш, Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Олар біздің тарихымызды, мәдениетімізді, асқақ рухымызды бейнелейді. 🇰🇿 “Ту – тәуелсіздіктің тірегі” “Елтаңба – елдігіміздің айғағы 🎶 «Әнұран – рухымыздың үні» Рәміздерімізді құрметтеу – әр азаматтың қасиетті борышы! «Мақтан ет, қорға, құрметте!»

Маусымның 2-сі № 24 мектеп-гимназия жанындағы жазғы демалыс алаңы салтанатты түрде ашылды. *Бүгінгі күн* ерекше көңілді және ұйымшылдық рухында өтті. Балалар таңертеңгі жаттығумен бастады. Топтарға бөлініп, танысу тренингтері, ойындар және топтың эмблема, ұрандарын жасау жұмыстары жүргізілді. Балалар белсенділік танытып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Алда қызықты күндер көп!

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне және жазғы мектеп алаңының ашылуына орай Қостанай қаласының білім бөлімінің балалар шығармашылығы мектебінде өткен «Salem Multyfest-2025!» жазғы сауықтыру бағдарламасына біздің мектептің де бірқатар оқушылары қатысты. Балаларға тамаша көңіл-күй сыйлаған әсем әуен, нақышты бимен қатар қызықты ойындар да ойнатылды.

24 мектеп-гимназиясының оқушылары “Таным” апталығы аясында “IQOSTANAY” смарт орталыққа саяхатқа шықты.Оқушылар ғылыми-техникалық,экология-биологиялық,эстетикалық,3 D компьтерлік модельдеу,режиссерлік шеберлік және химиялық,физикалық үйірмелерді тамашалады.Орталықта оқушылар жан-жақты білім алуға көп мүмкіндіктер бар. Жетекшілер: К.Т.Ермекова және Г.К.Аманбаева