«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Шабыт» жобасы бойынша «Ананың аяулы алақаны» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Бағдарламаның басты мақсаты: білім алушылардың шығармашылығын дамыту арқылы түйінді құндылықтарды насихаттауға дәріптеу. Мерекелік бағдарламасына 490 оқушы қатысып, өнерлі оқушылар сахнада өз өнерлерін көрсетті: залдағы қонақтармен ел арасында тараған «Ана» туралы әндер айтылды, би биленіп, ұлттық аспап жетігеннің үнімен тамсандырылды. Келе жатқан аналар мерекесі құтты болсын! 👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏

Наурызнама бағдарламасына сай Ұлттық спортты асқақтатып дәріптеу мақсатында 3-сынып оқушылары үшін “Еліміздің рухын көтерген спорт саңлақтары” атты кездесу мастер-классы ұйымдастырылды. Кездесуге А.Байтұрсынов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің Спорт клубының жаттықтырушылары “Малик Тасбулатов пен Ерулан Ракымжан” келді. 🔹🔹🔹 Балалар өздерін қызықтыратын түрлі сұрақтарға жауап алды. Сондай-ақ спортшылармен бірге “қазақша күрес”-тің түрлі тактикаларын бірге ашық түрде бір-бірлеріне көрсетті. #біртұтастәрбие

Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында “Асар” күніне дайындық. бірімізге – біріміз қол ұшын бере жақсылық жасау, көмек көрсету ретінде 7.03. күні барлық мектеп ұстаздары мен қызметкерлері, ерікті ата – аналар қауымы мектеп ауласындағы қарды жинауға ао салысты. Қысқы сенбілік белсенді орындалды

Көрісу күнін Наурыз мейрамының бастауы деп айтуға болады. Бұл күні таң атысымен халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді. Көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Үлкендер кішілерге ақ батасын береді, жақсы тілек тілеседі. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман – есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Бұл күні бүкіл жұрт шат – шадыман, көтеріңкі көңіл күйде болады. 🔹🔹🔹 Мерекеге орай бүгін біздің мектебімізде 3 Б сыныбы осы күнді мейірімді мұғалімдерінің және сыныптастарының құшағымен бастады. #біртұтастәрбие 3 дн.