Бос орын

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025-2026 оқу жылына бастауыш сынып мұғалімі (декреттік демалыс орнына) бос лауазымына  конкурс жариялайды. Бос орын: 1жүктеме. Бастауыш сынып мұғалімі Ресми жалақы: 200 000 тенге. Жұмыспен қамту…

Әрбір халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері бар. Қазақ халқының соның бірі – «Тілашар» дәстүрі. Бұл дәстүр баланың алғаш мектеп табалдырығын аттап, сауатын ашуымен байланысты өткізіледі. Қазіргі таңда ол 1 – сынып оқушыларына арналған мерекелік іс-шара түрінде жалғасын табуда. Бүгін мектеп қабырғасында 1 «А» және 1 «Ә» сынып оқушыларының бүлдіршіндерінің алғашқы бастамасы ретінде «Тілашар» ертеңгілігі өтті. Мерекелік іс – шара қызықты әрі жандандырылған болды. Оқушылар тақпақтар мен өлең жолдарына, халық ауыз әдебиетінің туындыларына, санамақтар мен әзіл – сықақты жеткізер көріністерді аса ерекше көңілмен көрерменге ұсынды. Аталмыш іс – шараға ерекше сән берген оқушылардың қалыптасқан сауатты тілдері мен өзөін – өзі басқаруы оқушылардың біршама есейгендіктерін көрсетті. Оқушылардың «Тілашар» мерекесіне қолдау көрсетіп білім бөлімінен Жумагулова Ж.Д., көрнекті ақын – жазушы, мектебіміздің атасы Шаяхметов А.Қ., ата – аналары келді.

Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты мен қызметі, этносаралық қатынас мәселелері, облыстық Аналар кеңесінің “Салауатты сана” жобасы, бес әлеуметтік кесел: нашақорлық, отбасылық зорлық-зомбылық, лудомания, ысырапшылдық, вандализмнің алдын алу шаралары тақырыбында Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ бас сарапшысы Жумасултанова Жадыра Өмірбекқызы мектеп ұжымымен ой салысып, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ортақ істе кеңес берісті