28.01.2026 ж. «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Кітап – білім бұлағы» атты оқушылардың «Ботақан» кітабының авторларымен әдеби кездесуі өтті. Өңіріміздің атағын алысқа жеткізіп, халықтың ыстық ілтипатына іліккен «Ботақан» кітабының авторлары іс – шараға қатысты: Әбутәліп Әмір, Жанұзақ Аязбекұлы, Заңғар Санай. Сонымен қатар, осы шарада өлкеміздің зиялы қауымы, “Ботақан” кітабын құрастырушы алқасы құрамы Ақылбек Шаяхмет, Абылай Маудан, Жанна Ерекина, Аслан Қанғожин, Жандос Жүсіпбек, Батырғали Сағынтай текті кісілердің есімдері де аталып өтті. 02.02.2026Мектеп кітапханасы, Мектепте өткен іс-шара
📚2026 жылғы 21 қаңтар күні 1-сынып оқушылары арасында «Жас математиктер» сайысы өткізілді. 🏆Сайыс нәтижесі бойынша: 🥇орын 1”А” сынып “Сұңқар тобы; 🥈орын 1”Б” сынып “Бірлік” тобы; 🥉орын 1”Ә” сынып “Тапқырлық” тобы және 1”В” сынып “Білім жұлдыздары” тобы. 1 сынып оқушылары «Жас математиктер» сайысында белсенділік танытып, өз білімдерің жоғары деңгейде көрсете білді! Жеңімпаздарды құттықтаймыз👏 01.02.2026Мектепте өткен іс-шара
Бүгін мектебімізде “Күретамыр” жобасы аясында аяулы әжелеріміздің қатысуымен «Әжелер айтқан ақыл-ой» атты тағылымы мол кездесу өтті. Кеш барысында ұлттық тәрбие, әже мектебінің маңызы және ұрпақ сабақтастығы туралы салмақты ойлар айтылды. Ұлттық құндылықтар дәріптелген іс-шара жылулыққа толы болды. 01.02.2026Мектепте өткен іс-шара
📅 20.01 күні 2–4 сынып оқушылары арасында “Жас информатиктер саяхаты” атты қызықты квест ойыны өтті. 🧠 Ойынға 3 топ қатысып, өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын сынға салды. 🏆 Сайыс нәтижесі бойынша: 🥇 1-орын – “Алға” тобы (2-сыныптар) 🥈 2-орын – “Білгірлер” тобы (3-сыныптар) 🥉 3-орын – “Тапқырлар” тобы (4-сыныптар) 👏 Барлық қатысушыларға белсенділік пен шығармашылықтары үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды құттықтаймыз! 🎉 01.02.2026Мектепте өткен іс-шара
📢 Математика–информатика апталығының ашылуы Бүгін мектебімізде математика–информатика апталығы өз шымылдығын ашты. ➗💻 Апталықтың мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, цифрлық сауаттылығын арттыру, пәндерге деген қызығушылығын күшейту. Апта бойы қызықты есептер, зияткерлік ойындар, квесттер мен сайыстар ұйымдастырылады. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз! 🚀 01.02.2026Мектепте өткен іс-шара
✨ «Ойлан тап» ✨ 1-сыныптар арасында өткен жаңылтпаштар сайысы балалардың тіл байлығын арттырып, ойлау қабілеттерін дамыта түсті. Кішкентай шеберлер өз өнерлерін көрсетіп, ширақ оймен, шапшаң сөйлеумен таңғалдырды. Тілдерін тапқырлықпен орап, әр бала ерекше көңіл күй сыйлады! 📚 Тіл – қазына, жаңылтпаш – сол қазынаның кілті! 05.01.2026Мектепте өткен іс-шара
Ұлт рухының шамшырағы, Алаш арысы, Міржақып Дулатов атамыздың өмір жолына, еңбектеріне арналған көрмеге барып рухани нәр алып қайттық. Тарихпен тілдесіп, жүрекпен сезіндік… 05.01.2026Мектепте өткен іс-шара
«1-сынып оқушылары Тәуелсіздік ұғымымен танысып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Тақпақ айтып, сурет салып, Тәуелсіз елдің баласы екенін мақтан етті!» 05.01.2026Мектепте өткен іс-шара
Тәуелсізлік күні аясында өткізілген тәрбие сағаттары өскелең ұрпақтың санасына ел болашағының жарқын болуында тарихи тұлғаларды еске алып, ұлттық рухты көтерер өлең жолдарын арнап, шынайы патриотизмге жетелеп мазмұнды болды. 05.01.2026Мектепте өткен іс-шара