Мектебімізде монолог оқу сайысы жоғары деңгейде өтті 🎭📖 Оқушылардың сахна мәдениеті, көркем сөйлеуі мен шығармашылық шеберлігі қазылар алқасын тәнті етті. 🏆 Жеңімпаздарымыз: ✨ Гран-при – Токжанова Томирис (3 «В») 🥇 І орын – Рахматулла Айша (3 «Б») 🥇 І орын – Сейтпанов Али (3 «Ә») 🥈 ІІ орын – Коржумбаева Зере (3 «Г») 🥉 ІІІ орын – Муратбекова Айсәуле (3 «Ә») Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! 🌟 Өнерге деген сүйіспеншілік пен сөз құдіретін таныта білген оқушыларымызға алғыс айтамыз, шығармашылық табыс тілейміз! 👏✨

Бүгін 4 сынып оқушылары арасында «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Оқитын ел – озық ел” жобасы негізінде «Ботақан» кітабы бойынша. Бұл сайыс Қостанай облысы Білім басқармасының қолдауымен Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облысындағы филиалы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының «Үздік жас оқырман» атты өңірлік байқауы негізінде өткізіліп жатыр. Мектепішілік кезең 2 деңгейден тұратын – 1деңгей – сұрақ – жауап керуені және 2 деңгей – 6.02. күні 4 сынып оқушылары арасында «Ботақан» кітабы мазмұны бойынша тест жұмысы алынды. Осы байқау бойынша марапаттау рәсімі өткізілді.

5.05 күні 4 сынып оқушылары арасында «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, “Кітап оқитын ұлт” жоба бойынша «Ботақан» кітабы бойынша «сұрақ – жауап» керуені» өтті. 1. «Сөз маржаны» – «Ботақан» кітабының шығу тарихы мен мазмұны бойынша жалпылама әр топқа кезекпен 2 сұрақтан қойылады. Соған жауап беру керек. Өлеңдерді мәнерлеп оқу. 2. «Шабыт шыңы» – «Ботақан» кітабындағы өлеңдер мен авторларға қатысты әр топқа кезекпен 2 сұрақтан қойылады. Соған жауап беру керек. Ақын – жазушылардың өмірімен танысу. 3. «Мәтін әлеміне саяхат» – «Ботақан» кітабындағы өлеңдер мен авторларға қатысты әр топқа кезекпен 3 сұрақтан қойылады. Соған жауап беру керек. Іс-шараға қатысқан әділ-қазылар : 1. Биалаш Балтақызы Сүйінкина – Қазақстан Республикасы Білім беру саласының үздігі, ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері, «Ы. Алтынсарин», «Үздік педагог» медальдарының иегері, «Қазына» сыйлығының лауреаты; 2. Каримова Сауле Елеусизовна – ұстаздық жұмыстың ардагері, «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері; 3. Оспанов Марғұлан Бақытбекұлы – «Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайының» басшысы, композитор, айтыскер ақын. 4. Шалгимбаева Шынар Тулегеновна – Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхананың Мектеп жасына дейінгі, кіші және орта мектеп жасындағы оқушыларға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі.

Қазақ тілі мен әдебиет апталығы аясында 1-сынып оқушылары арасында “Ертегілер әлемінде” атты сайыс өтті. Сайыс барысында әр сынып өздері таңдаған ертегі бойынша шағын қойылым ұсынып, кейіпкерлердің образын шебер сомдады. Бүлдіршіндердің сахнадағы батылдығы, қиялы мен өнері көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Бұл іс-шара оқушылардың тіл байлығын арттырып, ертегіні сүюге, сахналық мәдениетке баулуға үлкен мүмкіндік болды. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Сайыс қорытындысында әр сыныпқа номинациялар берілді.

“Күретамыр” жобасы аясында “Атаның сөзі – дананың көзі” атты мазмұнды сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу, аталар өнегесі арқылы тәрбиелік мәні зор ақыл-кеңес беру, рухани сабақтастықты нығайту

4-сыныптар арасында “Саламатты мектеп” жобасы аясында денсаулық нығайту мектебі бағдарламасы бойынша пионербол ойынынан спорттық кездесуі өтті. Оқушылар жақсы ойын көрсетіп, тамаша көңіл көтерді. Достық, ұйымшылдық және жеңіске деген жігер ортақ істе шынықтырып, біріктіре алды.

Аналар мектебі аясында «Бір шәугім шәй» атты тағылым алаңы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның басты мақсаты – отбасы тәрбиесіндегі ананың рөлін айқындау, бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңірудегі ананың жауапкершілігін арттыру, саналы да тәрбиелі ұрпақ қалыптастыруға бағытталған тағылымды ой-пікірлермен бөлісу болды. Іс-шараның негізгі ерекшелігі – бейресми, жылы әрі сенімді орта қалыптастырып, аналар арасындағы өзара түсіністік пен қолдауды нығайтуға мүмкіндік беруі. Шай үстіндегі әңгіме арқылы тәрбиелік маңызы зор мәселелер талқыланып, бала тәрбиесіне қатысты пайдалы кеңестер ұсынылды. Аталмыш тағылым алаңына 1-сынып оқушыларының аналар тобы қатысып, тәрбиелік тәжірибе алмасып, алдағы уақытта да осындай мазмұнды кездесулердің маңыздылығын атап өтті.