Бүгін мектебімізде “Күретамыр” жобасы аясында аяулы әжелеріміздің қатысуымен «Әжелер айтқан ақыл-ой» атты тағылымы мол кездесу өтті. Кеш барысында ұлттық тәрбие, әже мектебінің маңызы және ұрпақ сабақтастығы туралы салмақты ойлар айтылды. Ұлттық құндылықтар дәріптелген іс-шара жылулыққа толы болды.

2026 жылғы 20 қаңтар күні “Таза Қазақстан” жобасы аясында ата-аналармен бірлеске қолдаумен мектеп ауласын қардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Қардан тазарту – балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды жұмыстардың бірі. Біздің ата-аналарымыз қарды тазалауға айтарлықтай көмек көрсетті — белсенді қатысқандарыңыз, түсіністік пен қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамыз! Қар тазалау жұмыстары жалғасуда.

«Менің құқығым – менің жауапкершілігім» Мектебімізде 12-ші қаңтар күні «Заң мен тәртіп» ұғымының маңыздылығын түсіндіру, құқық бұзушылықтың, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында мектеп инспекторы оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттерін, заң мен тәртіпке бағынудың маңызын түсінді. Жауапкершілікке баулитын, тәрбиелік мәні зор кездесу болды. 🛡️📚

📅 20.01 күні 2–4 сынып оқушылары арасында “Жас информатиктер саяхаты” атты қызықты квест ойыны өтті. 🧠 Ойынға 3 топ қатысып, өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын сынға салды. 🏆 Сайыс нәтижесі бойынша: 🥇 1-орын – “Алға” тобы (2-сыныптар) 🥈 2-орын – “Білгірлер” тобы (3-сыныптар) 🥉 3-орын – “Тапқырлар” тобы (4-сыныптар) 👏 Барлық қатысушыларға белсенділік пен шығармашылықтары үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды құттықтаймыз! 🎉

📢 Математика–информатика апталығының ашылуы Бүгін мектебімізде математика–информатика апталығы өз шымылдығын ашты. ➗💻 Апталықтың мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, цифрлық сауаттылығын арттыру, пәндерге деген қызығушылығын күшейту. Апта бойы қызықты есептер, зияткерлік ойындар, квесттер мен сайыстар ұйымдастырылады. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз! 🚀

Халықтың сапалы әрі қауіпсіз тағам өнімдерін таңдау мәселелері бойынша сауаттылық деңгейін арттыру, тағам өнімдерінің таңбалануын оқып түсіну бойынша тұрақты дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ ұтымды тамақтану арқылы халықтың өз денсаулығына жауапты және саналы көзқарасын қалыптастыру мақсатында ҚДСҰО Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Қазақстан Республикасындағы Байланыс және әріптестік бюросының қолдауымен «Жапсырмаға 5 секунд назар аударсаң – денсаулығыңды сақтайсың» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық бейнеролик әзірледі.