Бос жұмыс орын

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025-2026 оқу жылына бастауыш сынып мұғалімі бос лауазымына  конкурс жариялайды. Бос орын: 1 жүктеме.  Мектеп директорының ақпараттық-коммуникациялар технологиясы жөніндегі орынбасары Ресми жалақы: 250 000 тенге. Жұмыспен…

08.01 күні сынып сағаты барысында оқушылармен «Заң және тәртіп» тақырыбы талқыланып, құқықтық тәрбие беру мақсатында мазмұнды түсіндіру жұмысы жүргізілді. Оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы ой бөлісіп, тәртіптің маңыздылығын ұғынды.Бала тәрбиесі – заңды білуден басталады! ⚖️📚

Бүгін 09.01.2026ж. “Таза Қазақстан” жобасы аясында Әділет басқармасының волонтерлерінің көмегімен және 1-3 сыныптарының ата-аналарымен бірлесе еңбек еткен мектебіміздің кішкентай болса да, нағыз ер-азамат болып өсіп келе жатқан ұлдарымыздың қатысуымен мектеп ауласын қардан тазарту жұмыстары жалғастырылды. Қардан тазарту – балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды жұмыстардың бірі. Серіктестеріміз бен ата-аналар тарапынан мектептің танымдық сауықтыру шараларынарда ғана емес, ортақ еңбекте де белсенділік танытылады. Қарды тазалауға айтарлықтай көмек көрсетті — белсенді қатысқандарыңыз, түсіністік пен қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамыз!