Тәуелсізлік күні аясында өткізілген тәрбие сағаттары өскелең ұрпақтың санасына ел болашағының жарқын болуында тарихи тұлғаларды еске алып, ұлттық рухты көтерер өлең жолдарын арнап, шынайы патриотизмге жетелеп мазмұнды болды.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы №24 мектеп – гимназиясы» КММ тақырыптық тәрбие жоспарына сай қауіпсіздік сабақтары өткізілді. Қауіпсіздік сабақтары төңірегінде 3 сынып оқушылары арасында Қостанай қаласының білім беру мекемелерінде қылмыстың, суицидтің және қорлаудың алдын алу мақсатында «Буллинг. Кибербуллинг. Дөрекі сөйлеу мен қол сұғу» тақырыбында Қостанай қаласы криминалдық полиция бөлімінің кіші жедел уәкілі полиция старшинасы Таупкелов А. қатысуымен кездесулер өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға тақырып бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік заңға сай жазаға тарту шаралары жайында ақпарат айтылды.