Бүгінгі күн «Менің көмекшім – жасанды интеллект» деген ұранмен бастау алды. Мектептің жас мамандары өздерінің тәжірибелік жолында қолданатын жұмыс формалар мен әдістерімен бөлісе отырып, педагогикалық идеялар панорамасын өткізді. Сонымен қатар ЖИ қолдана отырып сабақ өткізудің қисындарын практика жүзінде іске асырып, оқушылардың белсенділіктері мен танымдылықтарын арттыруға тағы бір үлес қосты. «Мектептің жаны – мұғалім.» А.Байтұрсынов 03.11.20252. Мектеп жүрегі – мұғалім
“Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан” деп Ы.Алтынсарин атамыз айтқандай бүгін мектебіміздің қабырғасында педагогикалық қонақ бөлмесі ұйымдастырылып, педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу өтті. Мерекелік шараға қонақ болған еңбек ардагерлері өмір жолында болған жылуға толы сәттерін еске алып, жас мамандармен тәжірибесін айтып бөлісті. Іс-шара барысында мектеп оқушылары өз шығармашылығы мен біліктіліктерін көрсетіп: өлең жолдарын оқыды, қара сөздермен тамсандырды, ән мен күйге жол берді. Актерлік шеберліктерін ортаға салып көрініс қойып, қазақтың қара домбырасымен ертеңгіліктін бастауын салды. Кездесу барысы жақсы – көңіл күйге бөленіп, келген қонақтар оқушылардың өнеріне риза болды. 03.11.2025Мектепте өткен іс-шара
STOP-БУЛЛИНГ – көмек әрқашан қасында! Мектебіміздің әрбір оқушысы қиын жағдайға буллингке тап болғанда көмек ала алады. • «STP-БУЛЛИНГ» QR-код Активін сканерле де, нұсқаулықты орында! Камера немесе QR-код сканерін қолдан. Көмекке бір қадамда жүгін. Сенімді бол – «STOP-БУЛЛИНГ» әрқашан жанында және көмектесуге дайын! КӨМЕК ӘРҚАШАН ЖАНЫНДА — ЖАЙ СКАНЕРЛЕ! 03.11.2025Мектепте өткен іс-шара
♻️Оқушыларымыз облыстық экологиялық жоба аясында қақпақ жинау шарасына қатысып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуда. Табиғатты аялау – баршамыздың ортақ парызымыз! 03.11.2025Мектепте өткен іс-шара