ҚР Отан қорғаушылар мен Ұлы Жеңістің 80-жылдығы күніне орай 2 мамыр күні 3”Б” сынып Қостанай қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығы мұражайына экскурсияға барды. Экскурсия барысында департамент қызметкері мұражаймен таныстырып шықты. Соңында мұражай тарихы мен соғысқа қатысқан тұлғалардың оқиғаларын баяндады. Оқушылар қызығушылықпен тыңдап, болашақта полиция болғымыз келеді деген лебіздерін білдірді. Мұғалімі:Кадыржанова Д.К.

28.04.25 күні 1”Ә” сыныбында “Мейірімді қалай болу керек” атты сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар мейірімділік тақырыбында өз ойларын ортаға ұсынып, мейірімділікке жататын іс-әрекеттердің тізімін жасады. Сабақ қорытындысында “Аяулы алақан” тапсырмасы арқылы бір-бірлеріне жылы лебіздерін айтып, “Мейірімді күшік” мультфильмін қарады. Мұғалімі :Кадыржанова Д.К.

Осы күнде біз соғысты көрмесек те, *сол тыныштық үшін күрескендердің аманатына* адал болуымыз керек. Бүгінгі бірлік – сол ерлік пен бейбіт арманның жалғасы! Баршаңызды *1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен* құттықтаймыз! *Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!*

24.04 күні 2 “Ә” сыныбымен “Қалай мейрімді болу керек?” тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Мейірімділік сөзінің мәнін түсіндіру. Бір-біріне көмек көрсетуге баулу. Оқушылардың бойында жылы жүрек, жақсы сөз айту әдетін қалыптастыру.