Көлік жүргізгенде мұқият бол тақырыбында 4 сынып оқкшыларымен жүргізілген жұмыстарымыз. Оқушылар өз қолдарымен сурет салып осы тақырып аясында бір бірімен ақпарат алмасты. Қауіпсіздік — әркімнің жауапкершілігі! Өз қауіпсіздігіңді сақтау — өз өміріңді қорғау. Ережені білу – апатты болдырмаудың алғашқы қадамы! ⚠️

Балалардың бойында құрмет, достық, өзара көмек, төзімділік сияқты құндылықтарды қалыптастыру мақсатында мектебімізде «ДосболLIKE: достық қолын ұсын!» республикалық акциясы өткізілді. Оқушылар белсене қатысып, дос болудың, бір-бірін түсінудің қаншалықты маңызды екенін өз іс-әрекеттерімен көрсетті.

Жас зиялылардың жаңа жетістігі! 🌟 Біздің оқушыларымыз «Мөлдір бұлақ» танымдық журналына мақала жазып, өз білімін, талпынысын және шығармашылық қабілетін көрсетті. Жас қаламгерлердің ойы терең, тілі көркем, ізденісі жоғары. Осындай еңбектің нәтижесі – үлкен мақтаныш! ✨ 📚 Жас зиялыларды қолдаймыз! Оқушыларымыздың алдағы уақытта да талай биіктерді бағындыратынына сенімдіміз.