Бүгін жазғы алаң аясында оқушылар Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасына саяхат жасады. – Экскурсия барысында балалар кітапхана бөлімдерімен танысып, табиғатты қорғау, экология тақырыбында бейнеролик тамашалады. Видео арқылы табиғатқа қамқор болу, жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтау маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар заман талабының ахуалдары:қаржылық сауаттылық тақырыбы да түсіндірілді. Себебі табиғатты аяламасақ, адамзат біраз шығынға тап болуы мүмкін. – Іс-шараның екінші бөлімінде қағаздан қолөнер бұйымдарын жасау бойынша шеберлік сағаты өтті. Балалар өз қолымен табиғат бейнесін жасап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. 🌍 Балалар жаңа мағлұмат алып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырды. Күн танымды әрі қызықты өтті.

Бүгін жазғы демалыс алаңында оқушылар үшін мазмұнды әрі қызықты күн ұйымдастырылды. Күннің басты бағыттары: – Бассейнге бару: Балалар суға түсу ережелерін сақтай отырып, жүзу жаттығуларын жасады. Су ойындары арқылы денсаулықтарын нығайтты, көңіл көтерді. – Қостанайдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мұражайға саяхат: Оқушылар ұлт ұстазының өмір жолымен танысып, тарихи жәдігерлерді тамашалады. Мұражайда өткен қолөнер шеберлік сағатында балалар өз қолдарымен бұйымдар жасап көрді. Күн өте танымды, белсенді және қызықты өтті. Балалар әсер алып, жаңа білім мен тәжірибе жинақтады.

Бүгін жазғы алаңда балалар үшін ерекше көңілді әрі шытырманға толы «Қарақшылар күні» ұйымдастырылды. Балалар қарақшы киімдерін киіп, квестке қатысты. 🗺️ Негізгі іс-шаралар: – Қызықты “станциялар” ұйымдастырылды: «Қазына іздеу», «Құпия карта», «Шифрды шеш» және тағы басқалар. – Әр станцияда оқушылар тапсырма орындап, “қазынаға апарар жолды” тапты. – Топтық жарыс барысында балалар жылдамдық, ұйымшылдық және тапқырлықтарын көрсетті. Балалар ерекше әсер алды, көңілді әрі белсенді демалды.

Бос жұмыс орын

      Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025-2026 оқу жылына орыс тілі  мұғалімі бос лауазымына конкурс жариялайды. Бос орын: Орыс тілі мұғалімі Ресми жалақы: 150 000 тг. Жұмыспен қамту түрі: Толық…

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025-2026 оқу жылына бастауыш сынып мұғалімі (декреттік демалыс орнына) бос лауазымына  конкурс жариялайды. Бос орын: 1 жүктеме. Информатика пәні мұғалімі Ресми жалақы: 150 000 тенге. Жұмыспен…

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025-2026 оқу жылына бастауыш сынып мұғалімі бос лауазымына  конкурс жариялайды. Бос орын: 1 жүктеме. Ағылшын тілі мұғалімі Ресми жалақы: 150 000 тенге. Жұмыспен қамту түрі: Толық…

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025-2026 оқу жылына бастауыш сынып мұғалімі (декреттік демалыс орнына) бос лауазымына  конкурс жариялайды. Бос орын: 1 жүктеме. Бастауыш сынып мұғалімі Ресми жалақы: 200 000 тенге. Жұмыспен…

Бүгінгі күн танымдық әрі шығармашылыққа толы болды. Оқушылардың бір бөлігі “IQostanay Smart орталығына” экскурсияға барып, түрлі бағыттағы үйірмелерге қатысып бағдарламаларымен танысты. 🔬 Қолөнер, робототехника, ғылыми бағыттағы үйірмелер балаларға қызықты, танымды болды. 🎨 Балалар өздерін суретші, өнертапқыш, ғалым ретінде сезініп, қызығушылықпен белсенділік танытты. 📚 Ал 2-сынып оқушылары “Л. Толстой атындағы облыстық кітапханаға” экскурсия жасады. Мұнда олар балалар бөлімін аралап, кітаптармен танысып, қолөнерге арналған шеберлік сағатқа қатысты. Қолмен жасалған бұйымдар жасап, шығармашылық қабілеттерін дамытты. Оқушыларға жаңа білім мен тәжірибе берілген, рухани дамуға бағытталған мазмұнды күн өтті. Көңіл-күй көтеріңкі болды.

Бүгін балалар үшін қызықты әрі пайдалы күн болды. “Таңертеңгілік жаттығудан” кейін оқушылар екі бағытта белсенділікке қатысты: Бассейнге бару: Балалар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жүзу жаттығуларын орындап, су ішінде ойындар ойнады. Бұл сергіту мен шынығу үшін тамаша мүмкіндік болды. – “Арт-дизайн үйірмесі” :Қалған оқушылар шығармашылықпен айналысып, түрлі техникада сурет салып, қолданбалы өнер бұйымдарын жасады. Балалар өз қиялдарын қағаз бетіне түсіріп, жұмыстарын таныстырды. Балалар белсенді демалды, денсаулықтарын нығайтып, шығармашылық қабілеттерін дамытты. Күн ұйымшыл әрі қызықты өтті.

Егеменді еліміздің жарқын келешегі — білімді, тәрбиелі, елжанды ұрпақтың қолында. Тәуелсіз елдің тұғырын берік ететін де – өскелең ұрпақ. Бүгінгі бала — ертеңгі ұстаз, дәрігер, ғалым, ел қорғайтын азамат. Олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, білімге құштарлықты тәрбиелеу — біздің ортақ міндетіміз.