Облыстық ғылыми-практикалық конференциясы. “Цифрлық әдістемелік өнімдер мен инновациялық жобалардың презентациясы” секциясы. Модераторлар Нургалиева Гульназ Сабитовна, Тойлыбаева Аружан Саматовна, Абузара Айнур Сагинбековна, Дощанова Гаухар Танаткановна.

12.05.2026 ж. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 24 мектеп-гимназиясы» КММ Бикеева Балапан Мыңжасарқызын еске алуға арналған «Бастауыш білім беруге арналған инновациялық шеберхана» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

1 “А” сынып оқушылары «Әке – отбасы тірегі» тақырыбында мерекелік ертеңгілік өткізді. Іс-шара барысында оқушылар әкелеріне арналған өлеңдерін айтып, ән шырқап, өз өнерлерін көрсетті. Балалар әкеге деген құрмет пен сүйіспеншіліктерін білдіріп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ертеңгілік әсерлі сәттерге толы болып, ата-аналар тарапынан жылы лебіздер айтылды.

2 “А” сыныбында Отан қорғаушылар күніне арналған «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты тәрбиелік іс-шара өтті 🇰🇿 Іс-шара әкелерге арналып, оқушылар патриоттық рухтарын көрсетіп, елге деген сүйіспеншіліктерін жыр-шумақтар мен көріністер арқылы жеткізді. Әкелерге құрмет көрсетіліп, батырлық пен ерліктің маңызы дәріптелді.

1”Ә” сыныбында Отан қорғаушылар күніне арналған “Әке — отбасының тірегі” атты тәрбиелік іс-шара өтті.Мерекелік кеште оқушылар әкелеріне арнап тақпақ айтып, ән шырқап, би билеп жүрекжарды тілектерін жеткізді. Осындай әсерлі сәттер бала мен ата-ана арасындағы байланысты нығайтып, отбасылық құндылықтардың маңызын арттыра түсті.Барша әкелерді мерекемен құттықтаймыз!