3-қазанда «IQOSTANAY» Smart- орталық базасында Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті! Мерекеге қаламыздың болашағын қалыптастыруға күн сайын зор үлес қосып жүрген ардақты педагогар жиналды. Мұғалімдерді құттықтауға арналған іс-шарада, мектебіміздің 4 сынып оқушыларынан құралған ұлдар хоры өнер көрсетті. Жақсы дайындықтың нәтижесінде, балаларымыз жоғары деңгейде көрермендерді тәнті етті. Хор жетекшісі, музыка пән мұғалімі Нұрланова Сәулет Берикпаевна

Ұстаздар – қоғамның алтын діңгегі, адамзаттың шамшырағы. Олардың білімі мен тәлім-тәрбиесі бізді биік шыңдарға жетелейді. Әрбір ұстаздың еңбегі – ұлт болашағының мықты іргетасы. Ұстаздар күні құтты болсын! Сіздердің еңбектеріңізге шексіз алғыс айтамыз! Әр күніңіз қуаныш пен шабытқа толы болсын!

Бүгінгі күн «Менің көмекшім – жасанды интеллект» деген ұранмен бастау алды. Мектептің жас мамандары өздерінің тәжірибелік жолында қолданатын жұмыс формалар мен әдістерімен бөлісе отырып, педагогикалық идеялар панорамасын өткізді. Сонымен қатар ЖИ қолдана отырып сабақ өткізудің қисындарын практика жүзінде іске асырып, оқушылардың белсенділіктері мен танымдылықтарын арттыруға тағы бір үлес қосты. «Мектептің жаны – мұғалім.» А.Байтұрсынов

“Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан” деп Ы.Алтынсарин атамыз айтқандай бүгін мектебіміздің қабырғасында педагогикалық қонақ бөлмесі ұйымдастырылып, педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу өтті. Мерекелік шараға қонақ болған еңбек ардагерлері өмір жолында болған жылуға толы сәттерін еске алып, жас мамандармен тәжірибесін айтып бөлісті. Іс-шара барысында мектеп оқушылары өз шығармашылығы мен біліктіліктерін көрсетіп: өлең жолдарын оқыды, қара сөздермен тамсандырды, ән мен күйге жол берді. Актерлік шеберліктерін ортаға салып көрініс қойып, қазақтың қара домбырасымен ертеңгіліктін бастауын салды. Кездесу барысы жақсы – көңіл күйге бөленіп, келген қонақтар оқушылардың өнеріне риза болды.

STOP-БУЛЛИНГ – көмек әрқашан қасында! Мектебіміздің әрбір оқушысы қиын жағдайға буллингке тап болғанда көмек ала алады. • «STP-БУЛЛИНГ» QR-код Активін сканерле де, нұсқаулықты орында! Камера немесе QR-код сканерін қолдан. Көмекке бір қадамда жүгін. Сенімді бол – «STOP-БУЛЛИНГ» әрқашан жанында және көмектесуге дайын! КӨМЕК ӘРҚАШАН ЖАНЫНДА — ЖАЙ СКАНЕРЛЕ!