Мәдени сауаттылық пен көркем сөзді молайту мақсатында 2-сынып оқушылары Қуыршақтар театрына “Ғажайыптар сандығы” қойылымына көрермен болып саяхатқа шығып келді. Қойылымда қызықте ертегімен қатар оқушылар интерактивтерге қатысып, жақсы уақыт өткізді. Көңілді саяхат барысында оқушылар алған эмоциясымен бір-бірімен бөлісіп, сабақтан тыс уақыттың пайдалы өткізгендігін шындады.

Этникалық мәдениетті, қазақ халқының ұлттық элементтерін тереңірек зерттеу, салт-дәстүрлерімізді білу және қазақ халқының кәсіпшілігін зерделеу. Осындай мақсатта 24- мектеп-гимназиясы қабырғасында «Ұлттық құндылықтар» атты тәлім-тәрбие мен тағылымға толы іс-шара өтті. #біртұтас_тәрбие

11.04. күні мектебімізде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Ұлттық құндылықтар” жобасы негізінде этникалық мәдениет пен қазақ халқының құндылықтарын терең зерделеу, халықтық дәстүрлерді білу және қазақ халқының кәсіпшілігін зерттеу мақсатында “Наурыз айшықтары” мерекелік бағдарламасы өтті. Іс шарада І.Омаров атындағы қазақ драма театры әртістері, @omarov_theatre Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы солистері @kost_obl_filarmoniasy , «Карнавал» хореография ансамблі @kst_karnaval_mektebi өнер көрсетті. Қазақ қолөнерінің түрлері, этно-көрме көрермен көзін қуантты. Көктемнің нұры жауған іс-шарада мектеп оқушылары мен ата-аналары өте белсенді қатысып, тамаша көңіл көтерді. Қостанай қаласының зиялы қауымы мектеп атасы Ақылбек Шаяхметовтың бастауымен іс-шараға қолдау жасады. Аталмыш іс-шара өз мақсатына жетті.

“Шоқанның Қашқарияға сапары” анимациялық мультфильмі өте қызықты және танымды болды! Біз Шоқан Уәлихановтың батыл саяхаты туралы көп нәрсе білдік. Оның қиындықтарға мойымай, жаңа жерлерді зерттегені бізге үлкен әсер қалдырды. Мультфильмнен тарихымыз бен ұлттық мәдениетіміз туралы үйреніп, Шоқан сияқты білімге құштар болуға шабыт алдық!”-деп өз сезімімен бөліседі Танатаров Динмухамед пен Бектемир Томирис 2 “Б” сынып оқушылары