6.05. күні мектебімізде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында дәстүрлі түрде “Сап түзе!” патриоттық рухты асқақтатар шеру өтті. 3-4 сынып оқушылары аталмыш іс-шараға ерекше сезіммен дайындалып кішкентай жүректегі үлкен жауынгерлік жауапкершілік пен Отанға деген лебізін іс-әрекетімен білдіре алды. Іс-шараға Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті қызметкерлері мен Қостанай қаласы полоция басқармасы қызметкерлері қатысып, әділ бағасын берді