Мектеп қабырғасында зерттеушілік құзіреттілігі дамыған жеке тұлға қалыптастыру жолдарын айқындау мақсатында “Заманауи білім беру кеңістігіндегі зерттеушілік әрекет” тақырыбында облыстық семинар – практикумы өтті. Кездесу барысында Бастауыш сынып мұғалімдері білім беру жолында кішкентай бүлдіршіндердің үлкен зерттеуге деген құлшынысы мен қызығушылығын тамашалап, ой бөлісті.

