Мектептегі тәрбие жұмысына ата-аналарымыз белсенді әрі үлкен ат салысады. Күні кеше 3”А” сынып оқушылары үшін Ринат Зәкиұлы “Ол кім?” сериясы бойынша жарық көрген әдеби мұраны дария етіп, рухани қазыналы жұмыс жүргізді. Оқушылардың назарына “Алаш” ордашылары таныстырылып, болашақта үлкен жұмысқа бастау болмақшы. Қызығушылықпен және ынтамен жаңа туынды жайында мағлұматты қабылдап, екінші тоқсан барысында ата-аналардың ұйымдастырылуымен викториналық кездесулермен жалғаспақ.

