Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайдың ІІ және ІІІ отырыстарында «Өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, ұлт сапасы мен мәдениетін арттыру бойынша берген нақты тапсырмасына негізделген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы білім беру ұйымдарындағы 2023-2024 оқу-жылында жүзеге асырылып келуде. 24 мамыр күні сағат 9:00-де мектептің барлық оқу сыныптарында жаппай «Білімім – Отаныма» тақырыбында сынып сағаттары басталды.
Мектеп табалдырығын енді аттап жатқан білім алушыларымызға тек білім ғана емес, тәрбиені де бірге беру маңызды. Әбу Насыр әл-Фараби де тәрбиеге ерекше мән береді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың — қас жауы» деген сөзі осыған дәлел.
Сынып сағаттары еліміздің Әнұранмен басталды. Сынып іші еліміздің рәміздері мен түрлі ұран сөздер мен суреттермен безендірілген. Сынып сағатының негізгі бөлімі оқушыларды топқа бөлумен басталды. Ол білім алушылардың танымдық қабілетін кеңейтті деуге толық негіз бар. Кейін кішкентай бүлдіршіндеріміз «туған жер», «отан» туралы өлеңдерін нақышына келтіре орындап, оның мәнін талдады. Келесі кезеңде білім алушылардың жыл бойғы жетістіктері халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық, мектепшілік жарыстардың жүлдегерлеріне арнайы мақтау қағазы табысталды. Дәл осы керемет атмосферадан кейін білім жағынан топ жарып, көш ілгері жүрген кішкентай бүлдіршіндер арнайы мақтау қағазымен марапаттады. Тек оқу озаттары ғана емес, бұл іс-шарадан екпінділер де қалыс қалған жоқ. Олар да арнайы мақтау қағазымен марапатталды.
Сынып сағатының негізгі мақсаты — балаларды әлеуметтік, қоғамдық тәрбиеге баулу, бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу мен отаншыл, мемлекетшіл, туған жерді қастерлейтін, адал, жауапкершілігі мол, мейірімді, бауырмал, сыни ойлайтын, қаржылық сауатты, үнемішіл, еңбекқор, жасампаз тұлға қалыптастыру.#bilimim_otanyma #біртұтастәрбие




