Тілдер мерекесіне орай мектебімізде апталық өтті. Латын әліпбиі жайлы шет тілі мен орыс тілі мұғалімдері түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Тілашар» мерекесі мұғалімдер мен ата-ана қауымын ерекше қуантты. «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» атты тілдер күніне арналған апталықта 4 сынып оқушылары арасында «Әдебиет әлеміне саяхат» атты интеллектуалды сайыс өтті. Мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында оқушылардың білім деңгейін көтеру. Анатілі –қазақ тілінің мәртебесін көтеруге ұмтылдыру. Мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қоғамдағы алатын орны, қолданысы мен бүгінгі жай-күйі туралы мәлімет бере отырып, грамматикалық сауаттылықтарын шыңдау, жеке тұлғаның ой – қабілетіне әсерету, ойын сабақ арқылы оқушыларды өздігінен жұмысқа баулу, сөйлеу шеберліктерін, тіл байлықтарын дамыту.


Нұр Отан партиясының мүшесі, Челябі Мемлекеттік университетінің оқытушысы Бекмағамбетов Әлімжан Бауыржанұлы мен мұғалімдер мен Елбасы жолдауына байланысты түсіндіру жиналысы өтті.


