Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Адамның ең негізгі мақсаты – өмірді сақтап қалу.
Көп жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерді білуіне байланысты болады.
Біздің № 24 мектеп – гимназиясында адам өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында «Сақтаңсаң, сақ боларсың» қауіпсіздік онкүндігі өтті. Осы онкүндікке барлық мектеп оқушылары қатысты. Оқушының жас ерекшелігіне сай әртүрлі іс – шаралар өткізілді. 1 – 2 сынып оқушылары «Сақтаңсаң, сақ боларсың» сурет сайысы және «Жол ережесін білейік» қойылым қойып өмір қауіпсіздік негіздерін суреттей алды. 3- сынып оқушылары осы тақырыпта шығарма жазып, әр адамның өзін сақтауы өмірге қаншалықты маңызды екенін және өмірінің қымбат екенін жеткізе білді. 4 -сынып оқушылары «Қауіпсіздік аялдамалары» бойынша жарыс өткізіп,төтенше жағдайлар кезіндегі алғашқы медициналық көмекті тәжірибе арқылы көрсетті. 3 – сынып оқушылары салауатты өмір салты орталығы қызметкерлерімен кездесіп, адам денсаулығына деген қауіпсіздік нұсқаулары туралы әңгіме болды. 2 – сынып оқушылары жол қозғалысы ережесі бойынша полиция қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жол полиция қызметкері оқушыларға жолда кездесетін қауіпсіздік туралы түсінік берді. Мектеп қабырғасында осындай іс – шаралар жиі өткізілсе, оқушылар өз өмір қауіпсіздігін біліп, соны естен шығармас еді. Дер кезінде өз өмірімізді сақтап қалуға тырысайық. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану әркімнің міндеті.
№ 24 мектеп – гимназиясының мұғалімі: Ертышпаева Жанар Жиентаевна




















