«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына (пластикалық қақпақтарды жинау) белсене қатысып, 7942 қықпақ жинап І орын алған үшін «Neco» экологиялық клубы «Жеміс чипстерін жасау» және «Шемішке дәнінен сұйық май жасау» мастер-класына 3»А»сынып оқкшыларын шақырады. Оқушылар өз қолдарымен табиғи таза дәм дайындап, құнарлы заттардың пайда болуын қызығушылықпен бақылады. Экологиялық белсенділік бұл біздің әуесқойлығымыздың бір көрінісі.

Еңбек адамы – елдің құты «Дихан болсаң, қос өгізің тең болсын, шаруа болсаң, қос етегің кең болсын» деген халқымыздың даналық сөзі еңбек пен жердің қадірін айқын аңғартады. Осы ұстанымды негізге ала отырып, Қостанай қаласындағы №24 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушылары қатысқан бейнежобаны назарларыңызға ұсынамыз. Балалар сұхбат барысында фермерлердің тынымсыз еңбегі, жердің қасиеті мен дастархандағы нанның қадірі туралы өз ойларын білдіріп, ауыл шаруашылығында еңбек ететін жандардың қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті. Жоба “Қазақстандағы Еңбек мамандықтары жылы” мен “Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне” орай ұйымдастырылды. Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған барша дихандарға, фермерлерге, механизаторларға шын жүректен алғыс айтамыз! Сіздердің еңбектеріңіз – ел ырысы, жер құты, ұлт абыройы! 🤩Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «КазУралАгро» компаниясы Қостанай қаласындағы №24 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушыларына тәтті нан пісіру шеберлік сабағын өткізді. Балалар тәтті тоқаш, бауырсақ және басқа да тағамдарды жасап, ауылшаруашылық қызметкерлерінің еңбегінің маңызын ұғынды. Шараның басты мақсаты – балаларға еңбектің қадірін түсіндіру және еңбекқорлық қасиетін қалыптастыру.

Күзгі демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтану жайындағы бағыт бойынша жолда дүру қауіпсіздігі, жаяу жүргіншінің қауіпсіздігі тақырыбында сыныптар арасында ақпараттық газет шығару сайысы ұйымдастырылды. Оқушылардың жұмыстарынан үлкен көрме жинақталды.

Республика күні аясында 1-сынып оқушылары жолда жүру ережелерімен таныс болып, өз білгендерін Жаяу жүргіншілер қатарына қосылу ертеңгілігі барысында ортаға салды. Ертеңгілік барысында ән шырқалып, шумақтар айтылды, көрініс қойылып, жадынамалар таратылды. 1”А” сыныбы Жетекшісі:Лязат Аубакировна

Бүгін мектеп оқушылары қалалық деңгейде өткен мерекелік іс-шараға қатысып, хормен Мемлекеттік Әнұранды орындады. Бұл сәт – елге деген құрмет пен мақтаныштың, жас ұрпақ бойындағы патриоттық рухтың айқын көрінісі болды. Оқушылардың әуезді дауысы арқылы Отанға деген сүйіспеншілік, бірлік пен бейбіт өмірдің мәні сезілді. Осындай шаралар жас ұрпақтың бойында елжандылық қасиетті қалыптастырып, тәуелсіз еліміздің болашағына деген сенімді күшейтеді.

Республика күні – ел бірлігі мен тәуелсіздіктің символы! Бүгінгі сынып сағатында оқушыларымыз Отанға деген сүйіспеншілік, елжандылық сезімдерін ұштап, туған жердің қадірін терең түсінді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿 Оқушылар тәуелсіз елдің жетістіктерімен танысып, өз елін сүйе білудің маңызын түсінді. Туған елім – Қазақстаным, мәңгі жасай бер!