1 мамыр – бірлік күніне орай 1 “А” сыныбында «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылар достық, татулық туралы ой бөлісіп, тақырыпқа байланысты бейнеролик тамашалады. Шара барысында бірлік пен ынтымақтың маңызы түсіндіріліп, оқушылардың қызығушылығы артты.

23 сәуір күні “24 жұлдыздары” атты брифинг өтті. Білімімен көзге түсіп, олимпиадалар мен ғылыми жобаларда жеңімпаз болған түлектеріміз – Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп- гимназиясының оқушылары Сапаргалиева Жансая мен Кеңесбай Нұғман, 24 мектеп- гимназиясының 4 сынып оқушысы Қуандық Арсен осы шараның құрметті қонақтары болды. Оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, қол жеткізген жетістіктері, болашаққа жетелейтін мақсаттары туралы сөз қозғады. “Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық” деген Абай атамыздың сөзімен брифинг нүктесі қойылды.

🎭🎭🎭🎭🎭🎭🎭🎭🎭🎭🎭🎭🎭🎭🎭22.04. күні 1-сынып оқушылары І.Омаров атындағы облыстық театрға “Балапан қаз” қойылымымен келген Арқалық театры әртістерінің өнерін тамашалауға барып келді. Мәдени танымы мен қызығушылығын арттырып, көңілді уақыт өткізді.

«Таңғажайып талант – 2026» 1–4 сынып оқушылары арасында жас өнерпаздар фестивалі өтті Бұл ерекше шарада кішкентай дарындар өздерінің таңғажайып таланттарын көрсетіп, көрермендерді тәнті етті. Олардың батылдығы мен шығармашылығы баршаға көтеріңкі көңіл-күй, шабыт сыйлады Болашақта бұл бүлдіршіндердің үлкен жетістіктерге жететініне сеніміміз мол!

Сәуірдің 20-сы күні мектебімізде «Жас зерттеуші» көрмесі өтті 🔬✨ 1–4 сынып оқушылары өздерінің ғылыми жобаларын таныстырып, түрлі қызықты тәжірибелер жасап көрсетті. Кішкентай зерттеушілердің ізденісі, қызығушылығы мен шығармашылығы баршамызды тәнті етті. Білімге деген құштарлық – үлкен жетістіктердің бастауы!

Мектебімізде «Армысың, Дарындылық» онкүндігі өтіп жатыр. Соған орай 4 сынып оқушыларымен “Оқушы үні” бағдарламасы аясында бейнежоба форматында байқау өткізілді. Бұл бағдарламаның мақсаты – оқушылардың өз ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік беру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзекті тақырыптарға деген көзқарастарын қалыптастыру. Әр сынып өздері тақырып таңдап, бейнероликтер дайындап, белсенділік танытты. 4 «А»сыныбы – Мектеп жанындағы ағаштар 4 «Ә»сыныбы -Жасанды интеллект 4 «Б»сыныбы- Бастауыш мектеппен қоштасу 4 «В»сыныбы- Жеңіс паркі 4 «Г»сыныбы- Кілем тоқу Тақырыптардың әртүрлі болуы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, қоршаған орта, ұлттық құндылықтар және заманауи технологиялар туралы түсініктерін дамытуға ықпал етті. Нәтижесінде: 4 «Б» сыныбы- «Бас жүлде», 4 «Ә» сыныбы -1 орын, 4 «В», 4 «Г» сыныптары-2 орын, 4 «А» сыныбы -3 орынды иеленді. Құтты болсын!