Әрбір халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері бар. Қазақ халқының соның бірі – «Тілашар» дәстүрі. Бұл дәстүр баланың алғаш мектеп табалдырығын аттап, сауатын ашуымен байланысты өткізіледі. Қазіргі таңда ол 1 – сынып оқушыларына арналған мерекелік іс-шара түрінде жалғасын табуда. Бүгін мектеп қабырғасында 1 «А» және 1 «Ә» сынып оқушыларының бүлдіршіндерінің алғашқы бастамасы ретінде «Тілашар» ертеңгілігі өтті. Мерекелік іс – шара қызықты әрі жандандырылған болды. Оқушылар тақпақтар мен өлең жолдарына, халық ауыз әдебиетінің туындыларына, санамақтар мен әзіл – сықақты жеткізер көріністерді аса ерекше көңілмен көрерменге ұсынды. Аталмыш іс – шараға ерекше сән берген оқушылардың қалыптасқан сауатты тілдері мен өзөін – өзі басқаруы оқушылардың біршама есейгендіктерін көрсетті. Оқушылардың «Тілашар» мерекесіне қолдау көрсетіп білім бөлімінен Жумагулова Ж.Д., көрнекті ақын – жазушы, мектебіміздің атасы Шаяхметов А.Қ., ата – аналары келді. 25.09.2025Мектепте өткен іс-шара
Отбасы – тірегіміз, денсаулық – жүрегіміз! 🤍 Екі құндылықты дәріптеген спорттық шарамыз көңілді өтті.Денсаулық пен отбасы құндылықтарын ұлықтаған жарқын сәттер! 25.09.2025Мектепте өткен іс-шара
Денсаулық пен отбасы құндылықтарын дәріптеген спорттық шарада барлығымыз қуанышпен бас қостық 25.09.2025Мектепте өткен іс-шара
Мектеп қабырғасында ұйымдастырылған көңілді шара Отбасы құндылығы мен достық пен бірлікке бағытталды. Оқушылар мен ата-аналар бірлескен шарада көңілді тапсырмаларды аса ерекше қимылмен орындап, қатыгездік пен тасжүректілікке жол бермеу акциясы ретінде ортақ флеш – мобта бірікті. 25.09.2025Мектепте өткен іс-шара
4 «А» сынып оқушылары “Ғарыш паркке” саяхат жасап қызықтап көтеріңкі көңіл күйде қайтты. #саяхат #көңілкүй #оқшылар 25.09.2025Мектепте өткен іс-шара
Таза Қазақстан жобасы аясында отбасылық экологиялық акцияны қолдай отырып мектеп оқушыларымен бірге пластикалық қақпақтарды жинап белсенділік танытудамыз. 19.09.2025Мектепте өткен іс-шара
Балалардың тәрбиесіне, тұлғалық қалыптасуына бағытталған сынып сағаттары жүйелі түрде өткізіліп отырады. 19.09.202519.09.2025Мектепте өткен іс-шара
Таңғы жаттығу – сергек күннің бастамасы.Әр күнді жаттығумен бастау – салауатты өмір салтының белгісі. 🏃♀️✨ 19.09.2025Мектепте өткен іс-шара
Оқушылар үзілісте уақытты бос өткізбей, тоғызқұмалақ пен асық ойнап, рухани байлыққа толы сәттерді бірге өткізді. Сабақ арасындағы үзіліс – тек демалыс емес, таным мен дәстүрді дәріптейтін уақыт 19.09.202519.09.2025Мектепте өткен іс-шара