28.04.25 күні 1”Ә” сыныбында “Мейірімді қалай болу керек” атты сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар мейірімділік тақырыбында өз ойларын ортаға ұсынып, мейірімділікке жататын іс-әрекеттердің тізімін жасады. Сабақ қорытындысында “Аяулы алақан” тапсырмасы арқылы бір-бірлеріне жылы лебіздерін айтып, “Мейірімді күшік” мультфильмін қарады. Мұғалімі :Кадыржанова Д.К.

24.04 күні 2 “Ә” сыныбымен “Қалай мейрімді болу керек?” тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Мейірімділік сөзінің мәнін түсіндіру. Бір-біріне көмек көрсетуге баулу. Оқушылардың бойында жылы жүрек, жақсы сөз айту әдетін қалыптастыру.

«Армысың, дарындылық!» онкүндігі аясында 3-4 сынып оқушыларының танымдық қызығушылығы мен ғылыми бағыттағы тәжірибелік қызығушылықтарын шыңдау үшін «Атом – бум» ғылыми шоу ұйымдастырылды. Шоу барысында оқушылар ғылыми жолмен түсіндірілетін қарапайым болмыстағы тәжірибелерді көзбен көріп, қолмен ұстай алды. Өздері де тікелей тәжірибеге қатысып, көптеген жағымды эмоциялар алды.