16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. «Наурызнама» онкүндігі аясында Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері №24 мектепте оқушылардың қатысуымен танымдық іс-шара өткізді. 🔹Іс-шара барысында оқушыларға қазақ халқының мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрлері туралы ақпарат беріліп, олардың маңыздылығы түсіндірілді. Қызметкерлер балалармен бірге ұлттық құндылықтар туралы әңгімелесіп, салт-дәстүрлердің ұрпақтан ұрпаққа жалғасуының маңызын атап өтті. Қостанай облысы Әділет департаментінің Баспасөз қызметі

Алғыс айту күні құтты болсын! 1 наурыз – еліміз үшін ерекше мейрам. Бұл күн – мейірімділік пен ризашылықтың, сыйластық пен бірліктің мерекесі. Алғыс айту күні – жүректен шыққан жылы сөз бен шынайы алғыстың қадірін Тәуелсіз Елімізге білдіреміз. Бүгін біз ата-аналарымыздың қамқорлығымен, ұстаздарымыздың сапалы білімі мен тәлім-тәрбиесімен, достарымыздың қолдауы мен адалдығымен өмір сүріп жатқанымыз үшін тату елімізге алғыс айтамыз. Жүрегімізде әрдайым мейірім, ризашылық пен сыйластық сезімі болсын. Алғыс айту – үлкен мәдениет, биік адамгершілік белгісі. 💙 Бір-бірімізге жылы сөз айтып, жақсылық сыйлайық.

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары! 📢 Құжаттарды қабылдау тәртібіндегі өзгерістерге назар аударамыз. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің хаты негізінде ағымдағы жылы 1-сыныпқа өтініш беру мерзімі өзгертілді. Егер бұрын өтініштер 1 сәуірден бастап қабылданса, биыл ол 18 маусымнан басталып, 31 тамызға дейін жалғасады.

Бос жұмыс орын 04.03.2026-16.03.2026

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025-2026 оқу жылына бастауыш сынып мұғалімі бос лауазымына  конкурс жариялайды. Бос орын: 1 жүктеме.  Мектеп директорының ақпараттық-коммуникациялар технологиясы жөніндегі орынбасары Ресми жалақы: 250 000 тенге. Жұмыспен…