Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі ⏳ 2026 жылдың 22-30 наурыз аралығында Алматы қаласында «Бастау» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі өтті. Қостанай қаласы атынан №24 мектеп-гимназиясы қатысты. ✅ Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі 🥈 2 орынға № 24 мектеп-гимназиясы ие болды. ✅ Жеке есепте келесі жүлделі орындар берілді: 🥉 3 орын – Ердес Алдияр,3 сынып, №24 МГ / Атшабар Даулетбек, 2 сынып, №24 МГ 💐 Олимпиада жеңімпаздарын дайындаған ұстаздарға алғысымызды білдіреміз. Республикалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Дүниежүзілік құстарды қорғау күніне орай мектебімізде оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен ерекше шара ұйымдастырылды. Олар бірігіп құстарға арналған ұялар жасап, табиғатқа қамқорлық көрсетті. Дайын ұялар орталық саябаққа орнатылып, құстарға қолайлы орта жасалды. Бұл іс-шара балаларға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіріп, жауапкершілік сезімін арттырды. Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! 🐦🌿 Жанбрбаев Даниал Сексембай Сая Ерман Бекарыс Рахматулла Айша Қоянбай Әбілмансұр Батыр Гайсадин Сүлеймен Інжу Төленді Омар

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі 18 наурыз күні мектебіміздің ауласында көктемнің шуақты мерекесі — Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Мерекелік шара барысында ұлттық дәстүріміз дәріптеліп, ән мен күй, би мен жырдан шашу шашылды. Ерекше көңіл-күй сыйлаған — «Мирас» мәдениет үйінің өнерпаздары. Олар өз өнерлерімен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, мерекенің сәнін кіргізді. Оқушылар мен ұстаздар ұлттық киім киіп, салт-дәстүрлерді насихаттап, бірлік пен татулықтың үлгісін көрсетті. Наурыз — жаңару мен жақсылықтың бастауы. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен молшылық әкелсін!

«Бұл әлем қандай әдемі, қарашы!» атты бірыңғай облыстық сынып сағаты бастауыш сыныптарда өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу және қоршаған ортада қауіпсіздікті сақтау. Іс-шара барысында оқушылар табиғат туралы өлеңдер оқып, қызықты ойындар мен шығармашылық тапсырмаларға белсенді қатысты. Балалар өз ойларын еркін жеткізіп, әлемнің әсемдігі туралы пікірлерімен бөлісті. Сынып сағаты оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың қауіпсіздік мәдениеті мен ережелерін қалыптастыруға да оң ықпал етті.

Әлихан Бөкейханов атындағы жалпы білім беретін мектебінде Қостанай қаласының мектеп оқушылары арасында өткен «Күй – ұлт қазынасы» атты қалалық байқау ұлттық өнердің мәртебесін асқақтатқан тағылымды шара болды. 🎼 Байқау барысында жас өнерпаздар өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. ✨ Соло номинациясы бойынша Фазыл Әдия ерекше өнерімен көзге түсіп, жүлделі ІІ орын иеленді. ✨ Дуэт номинациясында Курганбекова Асия мен Фазыл Әдия өзара үйлесімді өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орынның лауреаттары атанды. 🎶 Әрбір орындалған күйден ұлттық мұраға деген құрмет пен шынайы сүйіспеншілік анық сезілді. 🌟 Жеңістеріңіз құтты болсын! Өнер жолында биік белестерді бағындыра беріңіздер!