Бүгін жазғы алаңының оқушылары орыс драма театрына барып, ерекше әсерге бөленді. Театр қойылымынан эстетикалық тәрбие алып, мәдени демалыстың маңызын түсінді. Сонымен қатар, жемістердің пайдасы мен дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсері туралы әңгімелесіп, салауатты өмір салтының маңызын талқылады. Күн қызықты әсерлерге, көтеріңкі көңіл-күйге және пайдалы ақпаратқа толы болды! ✨