2024 жылдың 12 желтоқсанында Әділет департаментінде №24 мектеп-гимназиясы оқушылары арасында ҚР Тәуелсіздік күніне орайластырылған “Тәуелсіздік ел-тұғырым” интеллектуалдық ойынын ұйымдастырды.
Іс-шара өскелең ұрпақтың Тәуелсіздіктің, Қазақстанның тарихы мен жетістіктерінің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ оқушылардың сыни ойлауын, патриотизмін және азаматтық жауапкершілігін дамытуға бағытталған.
Ойын барысында қатысушылар Қазақстан тарихының негізгі оқиғалары, Мемлекеттік рәміздер, Конституция және адам құқықтары туралы терең білімдерін көрсетті.
Интеллектуалдық ойын жеңімпаздары грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

