«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы биыл «Жақсылық жаса!» ұранымен жалғасуда 18.08.202318.08.2023Жанашырлыққа жан риза Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы биыл «Жақсылық жаса!» ұранымен жалғасуда. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді. Акцияның мақсаты: 🔹️Жаңа оқу жылына дайындық барысында аз қамтамасыз етілген, тұрмыс жағдайы төмен отбасы балаларына қолдау көрсету; 🔹️Баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; 🔹️Мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек көрсету үшін меценаттар мен демеушілер тарту; #24 мектеп-гимназиясы қаланың жақсылық жасауға дайын барлық тұрғындарын осы акцияға қатысуға және ізгі істерде қолдау көрсетуге шақырады. Көмек көрсету үшін мектепке келіп, мұқтаждар тізімінен бір немесе бірнеше балаға мектеп киімдерін, рюкзак, оқу құралдарын сатып алып беруге болады. Жақсылық жасауға асығыңыздар! Оқу жылының басталуы барлық балалар үшін нағыз мереке болсын! Байланыс үшін: 87754664552 әлеуметтік педагог